ЖОБА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңесшісі Е.Л.Тоғжановтың қатысуымен өткен кеңесінде Абай облысының әкімі Б.Уәлидің «Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша» 2025 жылдың 06 наурыздағы № 23 хаттамалық тапсырмалары негізінде, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- «Үржар ауданы Салқынбел ауылдық округінің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспары бекітілсін (қоса берілген).
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының төрағасы А.Омаров
Үржар ауданы Салқынбел ауылдық округінің 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспары 4-басым бағыттан,
9 жоспардан тұрады:
- Ауылшаруашылық техникаларын жөндеу орталығын ашу - 10 млн. (2026 ж);
- Балық шаруашылығын дамыту -10 млн. (2026 ж);
- Мал бордақылау алаңын салу -15 млн. (2027ж);
- 5 га алма бағын отырғызуға қолдау көрсету. Жоба құны -10,0 млн. (2025-2029 жж);
- Омарта Шаруашылығы 10, 0 млн. (2025-2029 жж);
- «Үржар-Барқытбел-Қарабұйрат» автомобиль жолының 34-50 км аралығын орташа жөндеу. Жобаның құны – 940 млн теңге (2027 ж.)
- Сегізбай ауылындағы көшелерді (1,4 км) орташа жөндеу. Жобаның құны – 65 млн теңге (2028 ж.)
- Сегізбай және Қарабұйрат ауылдарында көше жарығын орнату. Жобаның құны – 28 млн теңге (2027 ж.)
- Сегізбай ауылында мал қорымын салу . Жобаның құны – 6,9 млн теңге (2026 жж.)