Абай облысы Үржар ауданының Көкөзек ауылдық округінің 2025-2029 жылдарына әлеуметтік- экономикалық ДАМУ ЖОСПАРЫ

Абай облысы Үржар ауданының Көкөзек ауылдық округінің  2025-2029 жылдарына

әлеуметтік- экономикалық ДАМУ ЖОСПАРЫ

2025 жыл

 

Кіріспе

Көкөзек  ауылдық округі 1979 жылы құрылған. Округтің  аумағы және ауыл шаруашылығы жерлері жалпы 36474 гектарды құрайды.  Ауылдық округ құрамында 1 ауыл - Көкөзек.

 Барлық халық саны 960 адам, оның ішінде жұмыс жасындағы тұрғындар саны 216 адам. Округ аумағында Көкөзек ауылында  орта мектеп ,селолық дәрігерлік амбулатория бар.  Округте 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 35 шаруа қожалығы, 18 жеке кәсіпкер тіркелген, 5 сауда дүкені орналасқан.  Округтің негізгі бағыты ауыл-шаруашылығы саласы, мал шаруашылығы және егін шаруашылығы.

  1. Талдау

Округтің экономикасы және ауыл шаруашылығы саласы.                        

Ауылдық округтің негізгі кәсібі- ауыл шаруашылық саласы. Өзінің мамандануы бойынша Көкөзек ауылдық округінде  дамыған мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы бағыты бар. Ауылда 27 ауыл шаруашылығы құрылымдары, оның ішінде 2 ірі: Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Үржарагрокомпани», «Мухитагро» бар.   Ауыл шаруашылық жерлерінің жалпы ауданы 36474 гектар, оның ішінде егістік жерлері  6225 га , жайылымдық   25226, шабындық -4367 га, суармалы жер 2041 га. Округтің  негізгі саласы – ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы, сонымен қоса майлы- дәнді дақылдар өсіруге  негізделген.

Ауылдық округте 1362 тонна сүт өнімі, 2973  тонна ет өнімі өндіріледі. Негізгі ет-сүт өндіруші шаруа қожалықтары  «Отандастар», «Қазына», «Қайрахмет»,  Аталған қожалықтардың өндірген өнімдері негізінен аудан орталығында сатылады.

Ет пен сүт өнімдерін өндірудегі тежеуші фактор - кірістің төменділігі (ет пен сүт өнімдерінің баға тұрақсыздығы, жем-шөптің қымбаттылығы, өнімді тұтынатын орталықтың алыстығы).

Аудан көлеміндегі өндірілетін ет көлемінің 5%, сүт көлемінің  3 % Көкөзек ауылдық округі өндіреді.

 2024 жылы округте  жиналған жалпы дәнді дақылдар өнімінің көлемі 2072 тонна болса, майлы дақылдар  2207 тоннаны құрады,  бұл Үржар ауданы бойынша өндірілген дәнді дақылдардың  3%, майлы дақылдардың  2,5% құрайды. Дәнді және майлы дақылдар өсірумен айналысатын  «Батыр»,  «Альфия»,  «Қайрахмет»,  «Есемгазы», «URDZHARAGROCOMPANI».”Мухитагро”  ЖШС, шаруа қожалықтары.

Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 18 бірлік, Омарта шаруашылығымен 3 , қымыз өндірумен 3, жолаушылар тасымалдаумен такси қызметі -3 , мал бордақылау -2, жеке мал табынын бағатын-2 адам айналысады  Көкөзек ауылдық округінде 5 жеке кәсіпкер тіркелген. 5 сауда дүкені қызмет көрсетеді.  Олардың  барлығы күнделікті халықтың сұранысын қанағаттандырады. Сауда дүкендері халық тұтынатын азық-түлік товарларымен, тұрмыстық заттармен халықтың сұранысын толық орындайды.

   Ауылдық округ аймағында мемлекеттік кәсіпкерлікті  қолдау жұмыстары өз дәрежесінде жолға қойылған. 

    «Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жүзеге асуда.

Көкөзек ауылдық округінің дамуына қолайлы табиғат ресурстарының да мол әсері бар.

 

Көкөзек  ауылдық округінің экономикалық дамуына тежеуші факторлар:

Ет пен сүт өнімдерін өндірудегі тежеуші фактор  бағаның тұрақсыздығы, өнімді сататын орындардың алыстығы кірістің төменділігіне әкеліп отыр.

     Ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың жетіспеушілігі- еңбекақының төменділігі, тұрмыстық қолайлы жағдайлардың жасалмауы,  елді мекеннің облыс орталығынан шалғайда орналасуы.

Ауылдық округтің экономикалық дамуының  перспективалары:

Ет өндірісін сату арналарын ұйымдастыру арқылы кеңейтуге болады.

Еттің  өнімділігін арттыру үшін ет өңдеу құралдарын дамыту.

Аграрлық  өндірістік кешендерге мамандар тарту-  кәсіби мектептер және жұмысшылардың  еңбектерін  көтермелеу  арқылы.

SWOT-талдау

 

Әлді жақтары

Әлсіз жақтары

Ауылдық округте сапалы өнімдер өндіріледі.

Округтегі қолайлы табиғат жағдайлары (егістік, жайылымдық, шабындық) .

Әртараптандырылған ауыл шаруашылығы (ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы).

Экологиялық таза өнім.

Ауыл шаруашылығының барлық бағытындағы басымдықтар.      

Өткізетін  арналардың аздығы.

Кәсіби мандардың жетіспеушілігі.

Шикізатты сатудың, құрал жабдықтарды жеткізудің  логистикасының болмауы, өңделмеген өнімді өткізуге кедергі келтіреді.

Шағын және орта кәсіпкерлік жеткіліксіз  дамыған, әртараптандырылмаған ( қызмет көрсету саласы дамымаған). 

 

 

Мүмкіндіктер

 

 

Қауіптер

  Мемлекеттік бағдарламалар және мемлекеттік қолдау арқылы   ауылшаруашылық техникаларын жаңарту.

Ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламаларының болуы.

Ауыл-шаруашылығы инфраструктурасын қаржыландырудың жетіспеушілігі.

 

Аграрлық  өндірістік кешеннің мамандарының жетіспеушілігі.

 

      2.2  Әлеуметтік инфрақұрылым және қызмет көрсету.

Көкөзек    ауылдық округінің  әлеуметтік инфрақұрылымы қанағаттанарлық деңгейде және  негізгі қызмет түрлерін ғана  көрсетеді. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымдары шамамен қанағаттанарлық деңгейде.

Бұл ауылдық деңгейге тән, өйткені қаламен салыстырғанда ауылдағы инфрақұрылым  төмен деңгейде. Округ бойынша  ауылда барлығы  960  адам тұрады.

 

Білім беру.

 

Ауылда 1 мектеп жұмыс істейді: «Көкөзек орта мектеп- бақшасы» КММ, онда 156 оқушы оқиды. Балабақшаға 43 бала барады. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 94%. ҰБТ орташа балы- 63, медициналық қызмет көрсету, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. 1-11 сынып оқушыларының тамақтану рационына бал және сүт енгізілген. Мектеп ұйымдастыру техникасымен жабдықталған, интернетке қосылған.

Көкөзек орта мектеп-бақшасында 1-11 сыныптардағы оқушылар саны- 156, даярлық тобында -12, балабақшада-30, шағын орталықта-13 бала, барлығы -186 бала, сынып саны-12, мұғалімдер саны-29, тегін ыстық тамақпен жалпы 79 бала қамтылған, мектеп формасымен 45 оқушы қамтылған. 2023-2024 оқу жылында 11 сыныпты 9  оқушы бітірді оның 6-ҰБТ тапсырды, 6- грант иегері, оның ішінде 2 оқушы ерекшеге бітірді. Бітірген оқушылардың барлығы  жоғары және арнаулы оқу орындарына түсті. Білім сапасы 63%. 9- сыныпта барлығы 9-оқушы 2 оқушы колледжге түсті, қалған  7- оқушы 10 –сыныпта оқып жүр.       Көкөзек орта мектебінде 2024 жылы Тарих атаулы кабинеті ашылды. Атаулы кабинетке кеткен сумма 1 359 508 тенге.

Мектептің  , шағын орталықтың тағы балалар қабылдауға мүмкіндіктері бар.   Округ бойынша білім беру саласында маман жетіспеушілігі жоқ.

Бұл салада басты мәселе сынып бөлмелеріндегі құрал-жабдықтарды жаңғырту.  Кең жолақты интернет желісі орнатылған. Туу көрсеткішінің төмен болуы және жастардың қалаға ағылуы білім мекемелеріне жабылу қаупін тудыруы мүмкін.

Денсаулық сақтау.

  Округте денсаулық саласына байланысты дәрігерлік амбулатория  бар.  Мекемеде 7 медицина қызметкер  і қызмет көрсетеді. Қалған қызмет түрлерін округ халқына  35 км қашықтықта орналасқан Үржар ауылындағы ауданаралық  ауруханада  көрсетіледі.  Округтегі   ДА  құрал-жабдықтар жаңғыртуды қажет етеді.

 

Спорт, мәдениет, бос уақытты ұйымдастыру.

Спорттық инфрақұрылым білім беру мекемесінің ғимаратында орналасқан. Онда бос уақытта спортпен айналысуға мүмкіндіктер бар.

Көкөзек ауылында  клуб бар, кітапхана  мектепте ғана бар.

Көкөзек ауылында шағын футбол алаңы  және 1 жаздық  балалар жаттықтыру алаңы паркі бар. 

       Әлеуметтік қызмет көрсету және қамтамасыз ету.

Ауылдық округте үй жағдайлары ауылдық жерлерге тән.  Жекеменшік үйлер бір қабатты, пешпен жылитын, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілмеген.   

Ауылдық округте жұмыссыздық деңгейі төмен, 2018 жылы 1 адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген.  252 адам өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткендер санатында. Ауылдық округ аймағында 24  мүгедек тұрады.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін учаскелік полиция  инспекторы бекітілген.
    Әкімшілік 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді .

Әлеуметтік саланың басты мәселелері:

  • Ауылдағы өмір сүру жағдайының жасалмауы, жұмысқа орналасу қиындығы, жалақының төмендігі жастарды ауылға тартпайды.
  • Ауылдағы тұрмыс жағдайы және демалыс орындарының болмауы.
  • Ветеринарлық қызмет көрсету үшін талапқа сай ғимараттың болмауы.
  • Казпошта бөлімшесіне, учаскелік полиция инспекторына ғимараттың болмауы.
  • Жұмыс орнының жетіспеушілігі, әсіресе әйел адамдарға.
  • Жалақының төмендігі.

 

Ауыл округінің әлеуметтік инфраструктурасын дамытудың басымдықтары:

  • Табиғаттың қолайлылығын және географиялық жағдайды ескере отырып демалыс орындарын дамыту.
  • Ауылдарда әлеуметтік және тұрмыстық жағдайларды жақсарту арқылы жастарды ауылға тарту.
  • Учаскелік инспекторға, Казпошта бөлімшесіне және ветеринарларға жеке ғимарат беру.

 

SWOT-анализ:

 

Әлді жақтары

Әлсіз жақтары

Білім беру

Мамандандырылған және жоғары ынталандырылған кадрлардың болуы

мектептің бала қабылдауға мүмкіндігінің жоғарылығы.

Оқытудың тиімділігінің  жоғарылығы, білім сапасы.

Тамақпен қамсыздандыру.

Мектептің жеке ғимаратының болуы.

 

Материалдық-техникалық базаның ескіруі.

Интернеттің жылдамдығының төмендігі.

Мектептің терезелері және есіктері күрделі жөндеуді қажет етуі.

Мектеп автобусының болмауы.

 

Денсаулық сақтау

Жас мамандарға арнайы жағдайлардың жасалуы оларға округте тұруына және жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Медициналық құрал-жабдықтардың жетіспеуі.

Дәрі-дәрмек тапшылығы бар.  

 Қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

Мәдениет және бос уақытты ұйымдастыру

Ауылда спорттық құрылғылардың бар болуы және оның сапасының жақсы болуы.

Мектеп спорт залдарына кіруге   мүмкіндігі.

Мәдениет үйі, ауылдық кітапхананың болмауы.

 

Әлеуметтік қызмет

Сапалы әлеуметтік қызметтің болуы.

 

Әйел адамдарға және пенсионерлерге бос уақытын өткізетін орындардың болмауы.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Әлеуметтік саланының инфрақұрылымын  жаңғыртуда мемлекеттік қолдаудың болуы.

Жастардың ауылды жерде жұмыс істеуге құлықсыздығынан кадр тапшылығының болуы.

 

 2.3 Инженерлік  инфрақұрылым және қолдау

  Инженерлік инфрақұрылым ауылдық округтерге  жоғарғы деңгейде емес, бұл ауылдық жерлерге тән. 

         Ауызсумен қамтамасыз ету

Көкөзек ауылдық округінде орталықтандырылған ауыз су жүйесі 2017 жылы жасалынды.«Елді мекендердерді ауыз сумен қамту» бағдарламасы бойынша:  

Ауылдың  ауызсу желісі Қусақ өзенінен бастау алады. Су жолы келетін канал құрылысы толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Қосымша ұңғыма 2024 жылы қазылды.  10 853 412 теңге қаражат жұмсалып, толық игерілді. 

 

 

  

Электрмен  қамсыздандыру.

 

     Электрмен қамсыздандыру бойынща күрделі мәселелер жоқ.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы бойынша 24 068 955 теңге қаржы бөлініп  Панфилов, Қ.Қайсенов көшелерін жарықтандыруға  жұмыстары аяқталып, көшелерге жарық берілді.      Электрмен қамсыздандыру бойынща күрделі мәселелер жоқ. Ауылдық округті электр энергиясымен  жарық беру орталығы АҚ «ОЭСК» қамтамасыз етеді. Тұрғын үйлер  100%  электрмен жарықтандырылған.    Ауылдық округтің 4 көшесі жарықтандырылған, ол барлық көшелердің жарықтануының 26,7 %-ын құрайды.

 

Байланыс және интернет

    Көкөзек ауылында телефон желісіне арналған сандық станция жоқ.  Интернетпен байланыс 45  абонентте бар. 2019 жылы мамыр айында Теле-2 байланыс желісі орнатылған.  3G  интернет желісі ауылды толық  қамтыған.Интернет жүйесі қалыпты жұмыс істеп тұр.”Актив”, “Теле 2” байланысы антенналары орнатылған.

 

Көлік  қатынасының қолжетімділігі

Көкөзек  ауылдық округі «Бахты — Таскескен» республикалық маңызы бар күре жолдың бойынан шалғайда  орналасқан. Бұл ауыл адамдарының аудан, облыс орталықтарына қатынасуына қолайсыздық тудырады.  Ауыл ішіндегі жолдардың жалпы ұзындығы 24 км құрайды. Олардың жағдайы орта деңгейде. Ауыл ішіндегі 5 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

 

Экология және туризм

Ауылдық округтің экологиялық жағдайы тұрақты, табиғаттың ластануының тарихи себептері мен  қауіпті өндіріс орындары жоқ. Ауылдық округінде стандартты мал қорымы, қатты қалдықтарды тастау орны бар,әділет басқармасында тіркелген. 

 

Негізгі мәселелер:

  1. Орталықтандырылған жылу жүйесінің болмауы.
  2. Стандартты мал қорымы, қатты қалдықтарды тастау орнының болмауы.

    3.Кең жолақты интернет желісінің болмауы.

    Дамытудың басым бағыттары:

  1. Ауыз сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылымды жаңғырту арқылы округ тұрғыдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
  2. Стандартты мал қорымы, қатты қалдықтарды тастау орнынын салу.

 

SWOT қорытынды:

Әлді  жақтары

Әлсіз жақтары

Электр  қамсыздандыру

Көшелердің 6,7 % -ы жарықтанған.

 Көшелердің 93,3 %-ы жарықтанбаған.

Байланыс

Жаңа абоненттер үшін Отау ТВ-ға 100 % қосылу мүмкіндігінің болуы.

Кең жолақты интернеттің болмауы.

Көлік  қатынасының қолжетімділігі және жолдар

Жергілікті өзін-өзі қаржыландыру қаржысы  жолдарды күтіп ұстауға жеткіліктілігі.

Ауылдық округ республикалық  күре жол бойында болғандықтан көптеген қала аралық автобустар қатынайды.

Жолдарды жөндейтін арнайы мамандандырылған мекеменің жоқтығы.

Жергілікті өзін-өзі қаржыландыру қаржысы жылдың екінші жартысында түседі.

 

Экология и туризм

 Қолайлы экологиялық жағдай.

Су тасқынан қауіптердің болуы.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға мемлекеттік бағдарламалардың болуы.

Ауылдық округінде стандартты мал қорымы, қатты қалдықтарды тастау орнын  заман талабына сай ұстау қажеттілігі. 

 

 

 

SWOT – қорытынды

Көкөзек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Әлді жақтары

Әлсіз жақтары

  Жақсы табиға жағдайлар (жайылымдық, шабындық жердер) сапалы өнім алуға мүмкіндік тудырады.

Әртараптандырылған ауыл шаруашылығы,  мал шаруашылығы.

Білім беру ұйымдарында мамандардың болуы.

Мектептің жеке ғимаратының болуы. 

Тамақпен қамтамасыз ету. 

Дәрігерлік амбулаторияның болуы.

Мектепте кітапхана, шығармашылық топтың, мұражайдың болуы.

5,8%   байланыс қызметіне қолжетімділіктің болуы.

Жергілікті өзін – өзі қаржыландырудың  жолдарды күтіп ұстауға жеткіліктілігі.

Қолайлы көлік қатынасының болуы.

Ауыл шаруашылығында арнайы кәсіптік кадрлардың жетіспеушілігі.

Шағын және орта кәсіпкерлік нашар дамыған.

Білім беру мекемесінің МТБ ескіруі.

Мәдениет үйінің МТБ ескіруі .

Медициналық құрал жабдықтардың жеткіліксіздігі.

Әйел адамдар мен зейнеткерлердің бос уақытын өткізетін орынның болмауы.

Көшенің 93,3% -ы жарықтанбауы.

Жергілікті өзін-өзі қаржыландыру қаржыларының жылдың екінші жартысында түсуі.

Мүмкіндіктер

Қауіптер

Ауылшаруашылық техникаларын бағдаламалар және мемлекеттік қолдау негізінде  жаңалау. 

 Ауылшаруашылығын қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламаның болуы.

  Әлеуметтік саланының инфрақұрылымын  жаңғыртуда мемлекеттік қолдаудың болуы.

  Инженерлік  инфрақұрылымын  жаңғыртуда мемлекеттік қолдаудың болуы.

АӨК мамандарының тапшылығы.

Жастардың ауылда жұмысқа қалуға құлықсыздығынан болатын  маман жетіспеушілігі.

 

 

 

 

 

 Стратегиялық бөлім.
3.1 Кіріспе.

Көкөзек ауылдық округі Үржар ауданындағы экологиялық таза өнімдерді өндіретін орталықтардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығында кірістің жоғары болуы жастарды ауыл шаруашылық мамандығын меңгеруге ынталандырады. Шағын кәсіпкерлік саласы тұрғындардың негізгі сұраныстарын толық қамтамасыз етіп, өз кәсібін  кеңейтуге жергілікті өзін-өзі басқару  мекемелерінің  қолдауы арқылы мүмкіндік алады.    

Білім беру, денсаулық сақтау мекемелері барлық  қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталады.  Білім беру, денсаулық сақтау саласының қызмет көрсету сапасы стандарт талаптарына сәйкес келеді.  Барлық әлеуметтік мекемелер кең жолақты интернет желісімен жабдықталды. Ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларының жақсаруы жас мамандардың ауылға келуіне жағдай тудырады.

 Округ 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді, үздіксіз электр энергиясымен жабдықталды, көшелер  абаттандырылып, көгалдандырылады, қатты қалдықтар полигоны бар. 

 Коммуналдық қызмет көрсету орындары арқылы жолдарға  қызмет көрсету жұмыстары іске асырылып, көлік қатынастары жақсарады.

 Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары заманауи әрі қолжетімді болады.

 

  • Мақсаттар және басым бағыттар.

3.2.1 Экономика және ауылшаруашылығы.

Стратегиялық мақсат 1:  Сырттан инвестиция тарту және  ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып  ауыл шаруашылығын және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы  Көкөзек  ауылдық округінің экономикасының  дамуын жетілдіру.

 Ауылшаруашылығының тиімділігі, ауылдық округтің экономикасының әртараптандырылуы, шағын және орта кәсіпкерліктің  үлесінің  артуы, жұмыссыздықты жою арқылы тұрғындардың әл-әуқатын жақсарту 1-ші  стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік ашады.

 

Ағымдық талдау  қорытындысы  ауылдық округтің даму мүмкіндігінің жоғары екенін көрсетіп отыр. 

Экономиканың дамуы  20-дан 100 басқа дейінгі жанұялық бордақы алаңдары мен 100-ден 200 басқа дейінгі ет бағытында мал өсіретін ферма проектілерін салуды  жүзеге асыруға байланысты.

      Сонымен қоса фермерлердің білімін жетілдіру жұмыстары,  оларды өнім өндіруде жаңа технологияларды меңгеруге оқыту іске асырылатын болады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауды дамыту қызмет көрсету саласында іске асырылады.

Әкімшілік жер телімдерін алуға, мемлекеттік бағдарламалар және жекеменшік инвистиция тарту арқылы   қаржылық көмек  алуға қолдау көрсетеді.

 Кәсіпкерлікті жаңадан бастағандар үшін кәсіпкерліктің негізін, бахгалтерлік есеп және т.б. оқыту шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың басты бағыттарының бірі болады. 

 

Басым бағыт 1. Ауыл шаруашылығын дамыту .

Міндеттері:
Инвестициялық жобалар және  мал басын көбейту арқылы  ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту;

  • Жаңа технологияларды енгізуді сақтай отырып, жердің құнарлылығын арттыру, машина-трактор паркін жаңалау арқылы  өсімдік шаруашылығын дамыту;
  • Ветеринарлық және фито-санитарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту;

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері:

  • Сүт өндірудің көлемін 5%-ға арттыру;
  • Барлық ауылшаруашылық техникаларының сандық көрсеткішінен жаңа техникалардың  10 % үлес салмағын арттыру;
  • Округте ет өнімдерінің базардағы үлесін арттыру;
  • Ет көлемінің өсуін 10 %-ға жеткізу;
  • Ауыл округінде өндірілген өнімнің үлесін арттыру;
  • Округте ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру;

Округтегі ауылшаруашылығында өндірілген өнімдердің көлемін 20%-ға жеткізу;

 

Тауар атауы

Жылдық тұтынуы  1 адам/жылына, кг

Тұрғындардың жылдық тұтынуы, кг

Тұрғындар

Азық-түлік өнңмділігі жыла, кг

Азық-түлік өнімділігі жылына, тонна

Азық-түлік өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету %

Ескерту

1

сиыр еті

20,00

19 200,00

960

19200,0

19,2 

100

100 %  өзіндік өндіріс

2

қаймақ

6,00

5760,00

960

5760,0

5,7 

41,5

41,5 % өзіндік өндіріс, 58,5 % импорт  ҚР басқа аумақтарынан

3

жылқы еті

15,50

14880,00

960

14880,0

 14,8

100

100 % өзіндік өндіріс

4

картоп

100,00

96 000,00

960

96 000,0

96,0 

48,6

48,6 % өзіндік өндіріс, 51,4  %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

5

сиыр сүті

45,50

43680,00

960

43680,0

 43,7,0

89,3

89,3 % өзіндік өндіріс, 10,7 %  импорт  ҚР басқа аумақтарынан

6

Шошқа еті

5,50

5280,0

960

 

 

 

Өзге ұлттың тұтынуына байланысты 

7

сары май

4,70

4512,00

960

4512,0

 4,5

40,6

40,6 % өзіндік өндіріс, 59,4 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

8

сәбіз

23,00

22080,00

960

22080,0

 22,0

32,1

32,1 % өзіндік өндіріс, 67,9%   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

9

қияр

14,00

13440,00

960

27 000,0

 23,0

59,3

59,3 % өзіндік өнддіріс, 40,7%   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

10

айран

46,00

44160,00

960

44 000,0

92,0 

61,5

61,5 % өзіндік өндіріс, 38,5 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

11

ашытылған сүт өнімдері

46,00

44160,00

960

44 000,0

 44,0

35,5

35,5 % өзіндік өндіріс, 64,5 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

12

тауық жұмыртқасы

265 шт

 25440,0

960

 25440,0

25,4

70

70% өзіндік өндіріс, 30  %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

14

бидай нан

28,00

26880,00

960

2800,0

 2,8

16,5

16,5 % өзіндік өндіріс, 83,5  %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

15

қызанақ

11,00

10560,00

960

10560,0

10,5 

67,1

67,1 % өзіндік өндіріс 32,9%   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

16

қой еті

10,00

9600,00

960

9600,0

 9,6

100

100 % өзіндік өндіріс, 4,6%

17

ірімшік

10,10

9696,00

960

969,6

 9,7

67,0

67,0 % өзіндік өндіріс, 33%   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

18

асқабақ

7,00

6720,00

960

6720,0

6,7 

79,1

79,1 % өзіндік өндіріс, 20,9 %  импорт басқа аумақтардан

19

қырыққабат

24,00

23040,00

960

23040,0

 23,0

64,1

64,1 % өзіндік өндіріс, 35,9 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

20

қызылша

3,30

3168,00

960

3168,0

3,2 

43,8

43,8 % өзіндік өндіріс, 56,2 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

21

мұздатылған және  балғын балық

11,00

10560,0

960

 

 

 

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

22

таңқұрай

3,29

3158,4

960

3158,0

3,0 

46,8

46,8 % өзіндік өндіріс, 53,2 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

23

шалғам

2,00

1920,00

960

1920,0

 1,9

23,1

23,1 % өзіндік өндіріс, 76,9 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

24

пияз

16,00

15360,00

960

15360,0

 15,0

44,2

44,2 % өзіндік өндіріс, 55,8 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

25

құлпынай

3,29

31580

960

3158,0

 3,1

66,4

66,4 % өзіндік өндіріс, 33,6 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

26

Кумыс, шубат

20,00

19200,00

960

1920,0

 2,0

13,8

13,8 % өзіндік өндіріс, 86,2 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

27

қарбыз

7,0

6720

960

 

 

 

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

28

тосап, джем

0,50

480,00

960

480,0

 0,4

73,8

92,3 % өзіндік өндіріс, 26,2 %  импорт  ҚР басқа аумақтарынан

29

өрік, алмұрт, алхора

15,00

14400,00

960

14400,0

14,0 

36,9

36,9 % өзіндік өндіріс, 63,1 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

30

алма

50,00

48000,00

960

48000,0

 4,8

49,2

49,2 % өзіндік өндіріс, 50,8 %  импорт  ҚР басқа аумақтарынан

31

құс еті

16,00

15360,00

960

15360,0

 15,0

23,1

23,1 % өзіндік өндіріс, 76,9 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

32

Кабачки

7,00

6720,00

960

6720,0

 6,7

8,8

8,8 % өзіндік өндіріс, 91,2 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

33

қауын

7,00

6720,00

960

6720,0

6,7 

92,3

92,3 % өзіндік өндіріс, 7,7 %  импорт  ҚР басқа аумақтарынан

34

қатты ірімшік

5,00

4800,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

35

қызыл бұршақ

3,50

3360,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

36

тұздалған қияр

14,00

13440,00

960

13400,0

 

76,9

76,9 % өзіндік өндіріс, 23,1 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

37

сарымсақ

1,62

1555,00

960

1550,0

 1,5

57,0

57,0 % өзіндік өндіріс, 43 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

38

тұздалған саңырауқұлақтар

10,00

9600,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

39

бұршақ

3,50

3360,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

40

қызақ тосабы

1,50

1440,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

41

жоғары сұрыптағы бидай ұні

9,00

8640,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

42

бұрыш

0,04

3,84

960

0038

0,3

80,8

80,8 % өзіндік өндіріс, 19,2 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

43

кесектелген жартылай дайындалған ет фабрикаттары

78,40

75264,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

44

ара балы

6,00

5760,00

960

5760,0

5,8 

20,5

20,5 % өзіндік өндіріс, 79,5 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

45

табиғи көкеніс маринаттары

10,00

9600,00

960

9600,0

 9,6

46,2

46,2 % өзіндік өндіріс, 53,8 %   импорт  ҚР басқа аумақтарынан

46

шұжық өнімдері

11,00

10560,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

47

құнбағыс майы

12,00

11520,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

48

макарон өнімдері

2,40

2304,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

49

қар құмық өнімдері

7,40

7104,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

50

қүріш

8,40

8064,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

51

ұсақ қант

17,00

16320,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

52

балқытылған ірімшік

5,00

480,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

53

ас тұзы

1,50

1440,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

54

Лимон

3,00

2880,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

55

қақ

2,00

1920,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

56

жеміс шырыны

18,00

17280,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

57

балық консервысы

1,50

1440,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

58

жүгері

5,00

4800,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

59

жарма ұнтағы

4,30

4128,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

60

Сұлы жармасы

4,30

4128,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

61

Арпа  ұнтағы

3,00

2880,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

62

Бидай жармасы

3,95

3792,0

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

63

консерватталған көк бұршық

10,00

9600,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

64

мұздатылған табиғи көкеністер

149,00

143040,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

65

Майонез

0,50

480,00

960

 

 

0,0

импорт  ҚР басқа аумақтарынан

     

 Ауылдық округ өзін азық-түліктің  3 түрлерімен өзін қамтып отыр. Және 50% кестедегі  азық түліктің 14 түрімен қамтамасыз етеді. 25% дан 50% ға дейін 11 түрімен,  0,1% ден 25% ға дейін  6 түрімен. Қалған азық-түліктің  31 түрін импорт арқылы, ҚР басқа аумақтарынан, шетелден әкілінеді. Сондықтан қарқынды жергілікті азық-түлік өндірісін дамыту қажет. Жоспарда көрсетілгендей  асыл тұқымды мал басын өсіру, жылыжай, омарташылық өндірісін дамыту, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында шағын бизнесті дамыту.Қымыз өндіру өндірісін ашу, жеміс-жидектерді қайта өңдеу цехын ашу,наубайхана ,жартылай фабрикаттар шығару цехын ашу. Халық тұтынатын күнделікті қажетті көкөністер, картоп, пияз, орамжапырақ,сәбізді  ауыл тұрғындары өз бау-бақшаларында өсіру.

 

 

 

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Проблемалық(өзекті) мәселелер мен тәуекелдер

 

 

Ауыл шаруашылығының және жалпы ауылдық округ экономикасының одан әрі дамуын шектейтін факторлар мыналар болып табылады:

* ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасының төмендігі

* кепілдің болмауына байланысты қаржыландыруға (кредиттерге) қол жеткізу проблемалары;

*білікті мамандардың (агрономдар, гидротехниктер, ветеринарлар)жетіспеушілігі;

*төмен жалақы-жастарды ауыл шаруашылығы саласына тартпайтын фактор;

*ауыл шаруашылығы тұтыну және жабдықтау-өткізу кооперативтерінің болмауы;

* жеке қосалқы шаруашылықтардың әлсіз материалдық-техникалық базасы;

* инженерлік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;

* жер иелену мәселелері;

                

 

Ауылдық округ экономикасын дамыту перспективалары:

 

* етті бағыттағы мал шаруашылығы;

* мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;

* бағбандықты дамыту және бағбандық өнімдерін қайта өңдеуді ұйымдастыру;

* сақтау инфрақұрылымын, атап айтқанда көкөніс қоймасын ұйымдастыру, бұл өнімді жыл бойы сатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бағаны ұстап тұруға, өнімді жоспарлауға ықпал етеді;

* ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қауымдастығын ұйымдастыру;

* өсімдік шаруашылығы: көкөніс-бақша дақылдары;

* жем-шөп өндірісін ұйымдастыру;

* шағын бизнес кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлерді ұлғайту;

* аграрлық  өндірістік кешендерге мамандар тарту- кәсіби мектептер және жұмысшылардың  еңбектерін  көтермелеу;

* ҚР басқа облыстарының нарықтарына шығуға жәрдемдесу.

Басым бағыт2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту және ауыл тұрғындарының іскерлік белсенділігін арттыру.

 

Міндеттер:

  • Кәсіпкерлерді ынталандыру арқылы шағын кәсіпкерлікті  дамыту;
  • Қолда бар мүмкіндіктер арқылы әртүрлі қызмет көрсету саллаларын дамыту: көліктерге техникалық қызмет көрсету, асханалар, сауда орындары; наубайхана, жартылай фабрикаттар шығару цехтары, шашатараз, дәріхана.
  • Өнімді өткізуге әрекет ету;
  • Жаңадан бастаған және ағымдағы кәсіпкерлерді оқыту;
  •  

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері:

 

Шағын кәсіпкерлікті дамыту және оларда жұмысқа қамтылғандарды  20-30%-ға жеткізу.

 

 

Көкөзек ауылындағы ауыл шаруашылығын және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2025-2029 жылдар аралығына жоспарланып отырған өндіріс орындары:

 Жеміс жидектерді өндейтін шағын цех.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жоба.

Жеміс жидектерді өңдейтін шағын цех.

 

Көкөзек ауылы  жеміс ағаштарының (алма, алмұрт) өсіп өнуіне табиғи  қолайлы жер. Осыған орай ауылда 2027 жылға, жеміс-жидектерді өңдейтін шағын цех ашу жоспарланып отыр.

 

Кәсіпорынның мақсаты: ауыл бау бақшасындағы және ауыл тұрғындарының ауласындағы өсетін жемістерден әр түрлі (джем. варенье, повидла) ұзақ мерзімге сақталатын концервіленген тағам түрлерін өндіру.

 
   

 

 

 

 

 

 

 Шикізат көзі:

А) 2025 жылдан бастап, ауыл тұрғындарының аула бақшасынан 160 ауланы шикі зат көзі ретінде қарастыру қолға алынды.

Б) 2026 жылға 3000 мың жеміс көшеттерін отырғызу көзделуде.

В) 2026 жылы ауылдың бұрыңғы бау- бақшаларын жаңғырту жұмыстары жоспарлануда.

С) Көкөзек ауылына жақын орналасқан ауылдардан жемістерін қабылдау.

 

 Құрал жабдықтар:

А) Кәсіпорынның құрал жабдықтары заманауй, әлемдік нарыққа қабілетті, толық автоматтандырылған, цифрлы технологиялардан болуы тиіс.

Б) Құрал жабдықтар Қытай мемлекетінен сатып алу көзделуде.

В) қуаттылығ тәулігіне 1-10 тоннаға дейін өнім өндіруге арналған аппараттар.

 

 Өнімнің сапасы:

 Өндірілетін өнім түрлері нарықтық бәсекеге қабілетті, сапалы болуы міндетті.

 

 Өнімді экспорттау:

А) Өндірілген өнімдер аудан және облыс көлемінде сатылымға шығару көзделуде.

Б) Өнімді тасымалдауға арнайы жабдықталған (спец вагоны) автокөлікпен

 қамтамасыз етілуі тиіс.

 

 Ғимараты:

А) Кәсіпорын ауданы, жалпы 40х60 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде құрал жабдықтар орналасатын негізгі  жабық жұмыс орыны 15х30 шаршы метрді құрайды.

Б) Ғимарат заман талабына сай үлгіде болуы керек.

 Қаржыландыру: 

А) Кәсіпорынды қаржыландыру“Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы алу жоспарда.

Б) жалпы кәсіпорын құны шамамен 46 млн.тенгені құрайды деп есептелінуде. (кәсіпорын ғимаратын тұрғызу құны бұл соммаға кірмейді).

 

  1. Жоба

Диірмен. Ұн өндіруге арналған шағын цех.

Ауылдық округтің негізгі шаруашылықтарының бірі егін шаруашылығы. Осыған орай 2027 жылға ауылда дәнді дақылдарды  өндейтін, шағын цех ашу жоспарлануда.

Кісіпорынның мақсаты:  Дәнді дақылдардың бірнеше түрінен (бидай, жүгері т.с.с) ұн өнімін өндіру.

           
           
 
 

 

 

 Шикізат көзі:

А) Көкөзек ауылында 27 шаруа қожалығы егістікпен айналысады.

В) Көкөзек ауылына жақын жатқан ауылдарданда егістікөнімдерін қабылдау жоспарлануда.

2.2. Құрал жабдықтар:

А) Кәсіпорынның құрал жабдықтары заманауй, әлемдік нарыққа қабілетті, толық автоматтандырылған, цифрлы технологиялардан болуы тиіс.

               Б) Құрал жабдықтары

  1. Жоба.

 

Қымыз өндіретін шағын кәсіпорын.

 

Көкөзек аулында негізгі шаруашылықтарының бірі мал шаруашылығы. Осыған орай 2027 жылға ауылда сүт өнімдерін өндейтін, оның ішінде бие сүтінен қымыз өндіру көзделуде.

Кісіпорынның мақсаты: Бие сүтін арнайы өлшемдердегі пэт құтыларға құйып, сатылымға шығару.

           
           
 

 

2.1. Шикізат көзі:

А) 2026 жылға  тәулігіне 150 литрден астам сүт беретін  15 сауынды бие сатып алу көзделуде.

Б) Ауыл тұрғындарының ішінде 3 адамның күнделікті бие сүтін өткізуі.

В) Көкөзек ауылына жақын жатқан ауылдардан да бие сүтін қабылдау жоспарлануда.

2.2. Құрал жабдықтар:

А) Кәсіпорынның құрал жабдықтары заманауй, әлемдік нарыққа қабілетті, толық автоматтандырылған, цифрлы технологиялардан болуы тиіс.

Б) Құрал жабдықтары Қытай мемлекетінен сатып алу көзделуде.

 

2.3. Өнімнің сапасы:

 Өндірілетін өнім түрлері нарықтық бәсекеге қабілетті, сапалы болуы міндетті.

 

2.4. Өнімді экспорттау:

А) Өндірілген өнімдер аудан және облыс көлемінде сатылымға шығару көзделуде.

Б) Өнімді тасымалдауға арнайы жабдықталған (спец вагоны) автокөлікпен

 қамтамасыз етілуі тиіс.

 

2.5. Ғимараты:

А) Кәсіпорын ауданы, жалпы 40х60 шаршы метрді құрайды. Оның ішінде құрал жабдықтар орналасатын негізгі  жабық жұмыс орыны 15х30 шаршы метрді құрайды.

Б) Ғимарат заман талабына сай үлгіде болуы керек.

2.6. Қаржыландыру: 

А) Кәсіпорынды қаржыландыру“Ауыл аманаты” бағдарламасы арқылы алу жоспарда.

Б) Жалпы кәсіпорын құны шамамен 42 млн.тенгені құрайды деп есептелінуде. (кәсіпорын ғимаратын тұрғызу құны бұл соммаға кірмейді)

  •  

 

3.2.2 Әлеуметтік  инфрақұрылым және қызмет көрсету.

Стратегиялық мақсат 2.  Ауылдық округ тұрғындарының негізгі әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыратын  әлеуметтік саласын дамыту.

 Білім беру саласын дамыту (мектеп және мектепке дейінгі), денсаулық сақтау саласында сапаны арттыру және қолжетімділік, сол сияқты мәдениет, спорт, бос уақытты тиімді өткізу үшін әлеуметтік қызмет  сапасын арттыру екінші стратегиялық мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ауылдық округтің әлеуметтік саласының ағымдық талдау  қорытындысы   мәдениет саласының  материалдық-техникалық базасының болмауы, спорт саласында   материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі ауыл  тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасалмағанын  көрсетіп отыр. 

Осыған байланысты әлеуметтік саланы дамытудың бағыты ауыл округі тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталады.

       Білім беру саласында өткір мәселелер болмағанмен,  білім беру жүйесінің стандарт талаптарына сәйкестігін  сақтай отырып,  дамыту бағытына   барлық күштерді жұмылдыру, матералдық-техникалық базасын дамыту қажет.  Ол  үшін мектеп ғимаратын жаңғырту және жөндеу жұмыстары, жаңадан құрал-жабдықтар алу бағытындағы жобалар қолдау табуы керек.

 Денсаулық сақтау саласын қолдау материалдық техникалық базасын жақсартуға, саланы қаржылық қоллдауды жақсартуға бағытталады. Ол үшін  мемлекеттік қолдаудың барлық мүмкіндіктері мен ауылдық округтің жеке қаржылары қолданылады.

 Мәдениет, спорт салаларында, бос уақытты тиімді ұйымдастыруда матералдық-техникалық базаны жақсартуға,  меценаттарды жұмылдыру;

    Әлеуметтік қызмет көрсетудегі басты бағыттардың бірі әлеуметттік әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағылардың  (әйел адамдар мен зейнеткерлер) бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру

Басым бағыт 1.  Мектепте және мектепке дейінгі білім беруде ауылдық округтің әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы білім беру жүйесін ары қарай дамыту.

Міндеттері:

  • Заман талабына сай білім беру жүйесін дамыту және сақтау;
  • Білім беру жүйесінде материалды-техникалық базаны нығайту;
  • Сапалы білім беруге қолжетімділікті арттыру;

 

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері:

  • Сапалы білім беруді сақтау, бәсекеге қабілетті түлектер шығару;

Басым бағыт 2.  Тұрғындардың денсаулығын сақтау және нығайту,  салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасай отырып ынталандыру.

 Міндеттері:

Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуді  кепілдендіру;

салауатты өмір салтын қалыптастыру;

Алдын-алу іс-шараларын ұйымдастыру;

Міндетті медициналық сақтандыруды ұйымдастыру ;

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері:

  • Өлім және созылмалы аурулардың өсуін өткен жылдарға қарағанда %-дық үлесін азайту;

Басым бағыт 3. Мәдениет және спортты дамыту

Міндеттер:

 Бос уақытты  ұйымдастыруға  жағдай жасау

Ауылдық округте дене шынықтыру және спортты дамытуға жағдай жасау;

 

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері:

Тұрғындардың мәдени, спорттық іс-шараларға қатысуының өткен жылмен салыстырғандағы  %   сапасын көтеру;

 

Басым бағыт 4.  Әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту

Міндеттер:

Қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып округте  әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағылардың бос уақытын ұйымдастырудың сапасын арттыру.

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштер 4:

Бос уақытын өткізу шараларына әйел адамдардың, зейнеткерлердің  50%-ына дейінгі мөлшерін қамту;

3.2.3 Инженерлік- көлік  инфрақұрылымы:

Стратегиялық мақсат 3. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуда  коммерциялық қызмет көрсетуді іске асыру;

Сратегиялық 3 мақсатты орындау үшін округтегі тұрғындардың кешенді өмір сүру деңгейін жақсарту, ол үшін инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, қатты қалдықтарды төгетін орындардың болуы, елді мекенді абаттандыру, жолдарына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.  Бұл жұмысты жүргізуде жергілікті мемлекеттік басқару органы, кәсіпкерлер, фермерлер, ауылдың белсенді топтары, т.б. ниет білдірген адамдар жұмылдырады.

Әкімшілік мемлекеттің қолдауы және ауылдық округке берілген қаржылар негізінде жұмыстар жүргізеді.

Басым бағыттар көшелерді жарықтандыруға, абаттандыруға , көлік қатынасын дамытуға бағытталады.

 

Басым бағыт 1. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.

Міндеттер:

  • Орталықтандырылған су құбырларының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері:

  • Қызмет көрсету сапасын арттыру;
  • Экологиялық және жұқпалы ауруларды азайту.

Басым бағыт 2.  Тұрғындардың энергия үнемдеуге сенімділігін арттыру және ауыл экономикасын арттыру. Міндеттер:

  • Ауылдық округте трансформаторлардың шығынын азайту;

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері 2:

  • Электр желілеріндегі және трансформаторлардағы жүктемелердің азаюын  3%-ға төмендету..

Басым бағыт  3. Тұрғындарды қолжетімді байланыс жүйесімен қамту.

Міндеттер:

  • Интернет  желілерін жаңғыртуды жүргізу;
  • Халықты сандық сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру;

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері 3:

  • Округтегі интернет желісін қолданушылардың өткен жылдармен салыстығандағы  % -дық үлесін арттыру.

Басым бағыт 4. Көлік инфрақұрылымын дамыту және қолдау.

Міндеттер:

  • Ауыл ішіндегі жолдарға жөндеу жүргізу;

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері 4:

  • Жергілікті жердегі автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық деңгейінің  %-дық мөлшерін арттыру;

Басым бағыт  5. Қатты қалдықтарды өңдеу және жинау жүйесін жетілдіру.

Міндеттер:

  • Қатты қалдықтар полигоны құрылысын салу;

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері:

  • Округтегі экологиялық жағдайды жақсарту;

Басым бағыт 6.  Ауылдық округті абаттандыру барысы.

Міндеттер:

  • Мекемелерді абаттандыру, күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу;
  • Тұрғындардың үйлерінің маңайындағы жауапкершілігін арттыру;
  • Көшелердің атауларын, үйлердің нөмірлік белгілерін орналастыру;
  • Аймақты абаттандыру;
  • Көшелердің жарықтануын 80%-ға жеткізу;
  • Сенбіліктер, тазалық жұмыстарына арналған акциялар өткізу;

Басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері:

  • Ауылдық округте көшелердің жарықтандыру үлесін арттыру;
  • Ауылдық округте көшелердің абаттандыру үлесін арттыру;

 

7- басым бағыт . Экология және  туризм

Міндеттер:

  • Тұрғындардың экологиялық мәдениетін, энергия үнемдеуін, ресурстарды пайдалануын жақсарту мақсатындағы жұмыстар жүргізу.

7- басым бағытқа қол жеткізудің көрсеткіштері :

  • Апаттық жағдайдағы қоқыстарды тазарту; су тасқынының алдын алу

 

 

Іс-шара жоспары

  • стратегиялық мақсат. Инвестиция тарту және  ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып  ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындардың, қайта өңдеу кәсіпорындарының  және шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы Көкөзек ауылдық округінің экономикасынын дамуын жетілдіру. 

 

 

№

Атауы

Өлшем бірлігі

Іске асыру мерзімі

Аяқтау уақыты

Жауапты

  Қаржыландыру

Қаржыландыру көзі

 

Ашылатын жұмыс орны

Соның ішінде жылдар бойынша (млн.теңге)

2025

2026

2027

2028

2029

барлығы

 

 

1

Мақсаты : ауыл шаруашылығын дамыту

 

Қуаттылығы 3 айға 3 000 көшетке дейін, ауданы 30-40 кв/м

 Млн. тенге

2025

2027

Жайлаубаева

Светлана

 

3,0

2,0

 

 

5

 

Қарыз

 қаражат.

 

3

 

Жеке шаруашылыққа 15  бас бие сатып алып, тәулігіне  150 литр бие сүтін өндіру, 4 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

Млн. тенге

2025

2029

Дюсекенов Жасулан

 

 

 

 

 

42

 

“Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

Мақсаты: шағын  кәсіпкерлікті дамыту

 

Қуаттылығы тәулігіне 1 -10 тоннаға дейін сұйық май шығаратын цех.

Млн. тенге

2025

2029

Лепесов Р

 

 

 

 

 

38

 

“Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша

16

 

Дәнді дақылдарды қайта өңдейтін шағын  цех.

(диірмен)

Млн. тенге

2025

2029

Лепесов Р

 

 

 

 

 

47

“Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша

8

 

Өнімділігі  тәулігіне 1- тоннадан 6 тоннаға дейінгі көкөністерді консервілеу бойынша шағын цех.

Млн. тенге

2025

2029

Рысалов Б

 

 

 

 

 

46

“Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша

14

 

Ұн өнімдерін өндейтін шағын кәсіпкерлік

Млн. тенге

2027

2029

Елекенов Р

 

 

 

 

 

24

“Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша

9

 

Жанұялық мал бордақылау алаңдарын ашу ( 20 дан 30 басқа дейінгі)

Млн. тенге

2027

2029

Қазына ШҚ

20,0

20,0

30,0

30,0

30,0

190,0

Қарыз қаражат,Қаржылай демеуші АҚ

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жабдықтарды және ауылшаруашылығы техникасын жаңғырту

Млн. тенге

2027

2029

Үржарагро-компании

300,0

500,0

250,0

400,0

300,0

1650,0

Қарыз қаражат,Қаржылай демеуші АҚ

 

 

Дүкен ашу.

Млн. тенге

2027

2029

ЖК Мукажанова А

2,0

3,0

5,0

 

 

10,0

Жеке қаражат

2

 

Көкөзек ауылындағы орта мектептің құрал-жабдықтарын жаңғырту

Млн. тенге

2027

2029

Мектеп түлектері

1,0

1,5

0,5

2,0

4,0

10,0

Жеке демеушілер қаражаты

 

 

Орталық саябақты абаттандыру жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу,Еңбек даңқы паркін пайдалануға беру

Млн. тенге

2027

2029

ЖК Муздыбаев С

 

 

 

 

5,5

5,5

Жергілікті өзін-өзі басқару

 

 

Ауылдық елді мекендердің ішкі көшелерін асфальттау 0-3,5 км АЕБ

Млн. тенге

2027

2029

Ауылдық округ әкімі

 

 

 

 

180,0

180,0

Облыстық бюджет

 

 

Көкөзек ауылындағы ауыл іші жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу

Млн. тенге

2027

2029

Ауылдық округ әкімі

 

90,0

 

 

 

90,0

Аудандық бюджет

 

 

Ауылдық клуб ғимаратына күрделі жөндеу

АЕБ

Млн. тенге

2027

2029

 

 

 

461,3

 

 

461,3

Облыстық бюджет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               

 

 

 

Көкөзек ауылының әкімі:                                                                                                 К.Нурумбаев

 

 

 

 

Көкөзек ауылдық округінің әкімі     ___________________________К. Нурумбаев

 

Келісілді:

 

Жер қатынастары бөлімі басшысы    __________________________Р. Исаев

 

Кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы

бөлімі басшысы                                       __________________________Е. Болатов

 

Мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімі  басшысы                                      __________________________Ж. Андасова

 

Спорт және дене шынықтыру

бөлімі басшысы                                       __________________________Ұ. Мусагалин                                                      

 

ТҮКШ ,жолаушылар тасымалдау

және автокөлік жолдары бөлімі

басшысы                                                __________________________  М. Еженхан

 

Аудандық құрылыс, сәулет және

қалақұрылысы бөлімнің басшысы ___________________________ С.Маусымбаев

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар  бөлімі басшысы    ____________________________ Л. Дүйсенова

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2025