Үржар аудандық әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына рұқсат етіледі. 

 

Конкурсқа қатысу тәртібі

Конкурсқа қатысуға өтінімді белгіленген ақпараттық хабарламаның мерзімінен кешіктірмей ресімдеген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес   жұмыс күн ішінде 2025 жылдың 21 шілдеден 2025 жылдың 08 тамыз аралығында Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылының Абылайхан көшесі 141,                 1-этаж орналасқан «Абай облысы Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-і мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады телефон 8(72230) 3-37-00.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

 

 

Конкурстық ұсыныста:

          1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

                    Өтініш беруші конкурсқа қатысуға өтінім бергеннен кейін 2025 жылғы 08 тамыз сағ:18.30 дейін желімделіп жабылған жеке конвертте жер телімін пайдалану жөнінде ұсынысын (конкурстық өтінім) береді.

          Конкурстық өтініштерімен конверттерді ашу 2025 жылғы 11 тамыз күні сағат 10.00-де Үржар ауылының Абылайхан көшесі 141 мекен-жайы бойынша (Үржар ауданының жер қатынастары бөлімінде) болады.

Конкурс:

  • Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз өтінім келіп түскен;
  • Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден аз қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.
 

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

№

Жер телімінің орналасқан жері

Алқабы

Алаңы

Балл бонитеті

Топырақтың сапалық сипаттамасы

Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы

1

Қарақол ауылынан оңтүстік -шығысқа қарай 12,0 км

Жайылым

936

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

2

Қарақол ауылынан оңтүстік -батысқа қарай 19,0 км

Жайылым

1100

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

3

Қарақол ауылынан оңтүстік -батысқа қарай 20,0 км

Жайылым

890

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

4

Қарақол ауылынан оңтүстік -батысқа қарай 11,0 км

Жайылым

580

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

5

Қарақол ауылынан оңтүстік -батысқа қарай 8,5 км

Жайылым

305

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

6

Қарақол ауылынан оңтүстік -батысқа қарай 15,0 км

Жайылым

830

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

7

Қарақол ауылынан солтүстік -батысқа қарай 21,0 км

Жайылым

950

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

8

Қарақол ауылынан солтүстік -батысқа қарай 5,0 км

Егістік

60

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

9

Қарақол ауылынан солтүстік -батысқа қарай 5,1 км

Егістік

100

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

10

Қарақол ауылынан солтүстік -батысқа қарай 23,0 км

Жайылым

920

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

11

Қарақол ауылынан батысқа қарай 9,7 км

Жайылым

900

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

12

Қарақол ауылынан солтүстік -батысқа қарай 74,5 км

Жайылым

80

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

13

Қарақол ауылынан солтүстік -батысқа қарай 73,5 км

Жайылым

320

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

14

Қарақол ауылынан солтүстік -батысқа қарай 38,0 км

Жайылым

850

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

15

Қарақол ауылынан солтүстік -батысқа қарай 40,0 км

Жайылым

950

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

16

Қарақол ауылынан оңтүстік -батысқа қарай 16,0 км

Жайылым

561

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

17

Қарақол ауылынан солтүстік -батысқа қарай 82,6 км

Жайылым

950

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

18

Қарақол ауылынан солтүстік -батысқа қарай 26,0 км

Жайылым

200

10

жартылай шөлді

мал және өсімдік шаруашылығы

 

Дата публикации
19 июня 2025