2024 жылы өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 58 млрд 158,5 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі – 101,0% өсіммен қамтамасыз етілді.
2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3 млрд 750,8 млн теңге, НКИ – 109,1%.
Ауыл шаруашылығы саласына 2024 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4 млрд 714,1 млн теңге болды.
2025 жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 250,3 млн теңгені құрады.
АӨК субъектілерін субсидиялау бағдарламалары шеңберінде 2024 жылы 369 өтінім бойынша 1 млрд 887,6 млн теңге субсидия төленді, оның ішінде:
ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға – 1 млрд 270,7 млн теңге;
жоғары сапалы тұқымдарға, гербицидтер мен тыңайтқыштарға – 350,4 млн теңге;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға – 266,5 млн теңге.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2024 жылы 11 жобаға 922,2 млн теңге қаржы бөлінді.
(Анықтама: «Агробизнес» бағдарламасы аясында 6 жоба – 273,0 млн тг, «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша 5 жоба – 649,2 млн тг).
2025 жылдың 4 айында «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша 71 жобаға 2 млрд 178,0 млн теңгеге өтінім берілді.
(Анықтама: 57 жоба – 1 млрд 848,9 млн тг қаржыландырылды, «Агробизнес» аясында 5 жоба – 272,8 млн тг құжат тапсырылып, 1 жоба – 15,0 млн тг несиелендірілді).
Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2024 жылы «Бірыңғай кешенді даму жоспары» аясында:
20 жобаға – 283,6 млн теңге несие берілді (оның ішінде «Даму қоры» арқылы – 6 жоба, 181,4 млн тг, онлайн портфельді субсидиялау – 14 жоба, 102,2 млн тг).
2025 жылдың басынан бастап 6 жобаға – 400,6 млн теңге субсидия төленді.
(Анықтама: жобалар өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік, жүк тасымалы және бөлшек сауда айналымына бағытталған).
2024 жылы аудан бойынша 187 техника бірлігі сатып алынды, жалпы құны 3 млрд 293 млн теңге (85 қожалық), оның ішінде:
лизинг арқылы – 139 техника, 1 млрд 903 млн тг (72 қожалық);
өз қаражаттары есебінен – 48 техника, 1 млрд 390 млн тг (18 қожалық).
Сатып алынған: 73 трактор, 6 комбайн.
2025 жылы фермерлерге лизинг арқылы 5% үстемесіз ауыл шаруашылық техникасын алу мүмкіндігі жасалды.
Сол арқылы және өз қаражаттарымен 38 техника бірлігі – 427,4 млн теңгеге (26 қожалық) алынды.
Қазіргі таңда 46 техника бірлігіне өтінім берілді (трактор – 14, комбайн – 1, басқа техника – 31), құжаттар «ҚазАгроҚаржы» АҚ қарауында.
Үржар ауданы егістік көлемі бойынша облыста 2-ші орын алады.
2024 жылы егілген егістік көлемі 110 930,8 га:
жиналған дәнді дақылдар – 57 057 тонна (өнімділігі 16,2 ц/га),
майлы дақылдар – 67 197 тонна (14,9 ц/га).
2025 жылға болжам – егістік көлемі 112 296 га, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1 366 га артық (101,2%).
(Анықтама: дәнді дақылдар – 32 984 га (29,5%), майлы дақылдар – 47 986 га (42,7%), оның ішінде күнбағыс – 46 878 га (41,7%), мал азығы – 28 277 га (25,1%), картоп – 546 га (0,5%), көкөніс және бақша – 2 503 га (2,2%)).
Есепті күнге:
ылғал жабу – 68,2 мың га,
культивация – 69,0 мың га,
жер жырту – 43,1 мың га жұмыстар аяқталды.
Егілген:
дәнді дақылдар – 95%,
майлы – 98,1%,
картоп – 84,2%,
көкөніс – 67,4%,
бақша – толықтай егілді.
(Анықтама: ауданда 905 шаруашылық – егінмен, 152 – малмен, 221 – аралас, 8 кәсіпорын жұмыс істейді.)
Көктемгі науқанға жұмылдырылған техника:
1 677 трактор,
328 сепкіш,
1 778 топырақ өңдеу агрегаттары.
Минералды тыңайтқыштар – 6 854 тонна сатып алынып, қолданылды.
(Анықтама: көктемгі егіске – 3 563,2 т дизель (165 ш/қ), күзгі дала жұмыстарына – 2 619,0 т (138 ш/қ) бөлінген.)
Тасымалдаушылар: «PetroRetail» ЖШС және «RV – Oil&Gas» ЖШС.
Босату бағасы – 265–269 теңге/литр, алынған – 1 073,3 тонна (87 ш/қ).
2024 жылдың қорытындысы бойынша:
Ірі қара – 63 566 бас (160,9%), оның ішінде сауын сиырлар – 29 517 бас (140,8%), облыс үлесі – 8,7%;
Қой мен ешкі – 87 018 бас (8,1%);
Жылқы – 15 308 бас (4,4%);
Түйе – 23 бас (4,8%);
Құс – 92 018 бас (5,8%).
(Анықтама: тірідей ет – 8 720,8 тонна (102,5%), сүт – 31 808,2 тонна (104,2%), жұмыртқа – 10 769,7 мың дана (101%).)
2025 жылдың 4 айында:
Ірі қара – 85 198 бас (187,8%),
Қой мен ешкі – 130 618 бас (155,2%),
Жылқы – 21 639 бас (106,1%),
Шошқа – 727 бас (100,4%),
Түйе – 28 бас (100%),
Құс – 82 880 бас (90,1%).
(Анықтама: ет – 1 632,5 тонна (118,3%), сүт – 5 033,6 тонна (102,4%), жұмыртқа – 2 246,5 мың дана (99%).)
Ауданда:
6 мал бордақылау алаңы (3 400 бас ІҚМ),
3 мал сою пункті,
2 мал сою алаңы жұмыс істейді.
2025 жылы жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа мал сою алаңы ашу жоспарланған (Елтай, Жоғарғы Егінсу, Алтыншоқы).
Асыл тұқымды мал шаруашылығы:
Ірі қарамен – 21 шаруашылық айналысады (2 404 бас, аналықтың 4,1%);
Қоймен – 11 шаруашылық (6 175 бас, аналықтың 6,1%).
Ара шаруашылығы – 80-нен астам шаруашылық, оның ішінде 12-сі асыл тұқымды.
8 377 ұядан жылына орташа 400 тонна бал өндіріледі.
Өнімдер Астана, Алматы, Семей, Өскемен және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылады.