Үржар ауданы бойынша бұқаралық және ұлттық спорт түрлерімен айналысушылардың саны артып келеді (ат спорты, қазақ күресі, тоғызқұмалақ т.б.
Есепті 2024 жылға Үржар ауданы бойынша 64 спорт нысыны, 37 спорт залдары бар. Соның ішінде: 1 спорт мектебі, 3 спорт модуль, 37 спорт зал, 3 хоккей қорабшасы, 25 спорт алаңы, 1 атшабар бар.
Дене шынықтыру мен спортты, спорттық жарыстар мен спорттық іс-шараларды өткізуге арналған объектілер мен құрылыстар қанағаттанарлық жағдайда.
Барлық спорт ңысандар мен ғимараттар күнделікте және демалыс күндері дене шынықтыру және спортпен айналысуға толығымен аудан тұрғындарына берілген.
Аудан бойынша 1 спорт мектеп жұмыс атқаруда. 9 спорт түрлері бойынша 1106 бала қамтылған.
Аудан бойынша білім беру ошақтарында 15 спорт түрі бойынша 226 спорт үйірмелер жұмыс атқаруда, онда 6 жастан 17 жасқа дейінгі 5798 оқушы спортпен айналысады.
2024 жылдың қараша айына жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 16 829, ол жалпы аудан халқы санының (41 699 адам) 40,4 % құрайды.
Дене шынықтыру-сауықтыру шаралардың саны жыл сайын арттыруда.
Жыл сайын ұлттық спортпен шұғылданушылар саны көбейюде. 2024 жылы –3234 адамды құрады.
2025 жылы аудан жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында келесі спорттық іс-шаралар өткізілді:
1 ақпан — Футзалдан ашық аудан біріншілігі;
6 және 26 ақпан — Аудандық шаңғы жарыстары;
8 ақпан — Аудандық баскетбол жарысы;
15 ақпан — Аудандық волейбол жарысы;
22 ақпан — Үстел теннисінен ашық аудан біріншілігі;
6 наурыз — Әйелдер арасында волейбол жарысы;
20 наурыз — Тоғызқұмалақтан аудан біріншілігі;
21 наурыз — Ұлттық спорт түрлерінен аудан біріншілігі: арқан тарту, қазақ күресі, гір көтеру, қол күресі, қой көтеру, лақ көтеру;
12 сәуір — Грек-рим күресінен аудандық жарыс;
26 сәуір — Кіші футболдан аудан біріншілігі;
30 сәуір — Тоғызқұмалақтан аудан біріншілігі;
Сондай-ақ 100 метрге жүгіру және асық ату спорт түрлерінен аудандық жарыстар ұйымдастырылды;
6 мамыр — Жеңіл атлетикадан аудандық жарыстар өткізілді.