Ықпал ету скринингін қарау туралы

Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

  • «Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылын дамыту және салу сызбасын әзірлеу (бас жоспардың оңайылатылған нұсқасы)» жобасына ықпал ету скринингі;
  • «Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылын дамыту және салу сызбасын әзірлеу (бас жоспардың оңайылатылған нұсқасы)» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;

 

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «ТехСтройПроект» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Абай облысы Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: Ганеева  Е.Н.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруі үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) мына мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

 

  • Жобаларды жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін бе, егер солай болса, онда ол қандай әсерлер және Сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді және не себепті зерттеу қажет?
  • Сіз СЭБ өткізуді қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат және не себепті қызықтырады?
  • Жобаларды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

 

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2042 жыл

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау жөніндегі рәсімді өткізу мерзімі: 2025 жылғы 29 мамырдан 12 маусымға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 12 маусым)

 

 

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8

Экология саясаты департаменті

Тел. 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz  

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде жіберуге болады:

- электронды түрде Экология министрлігі кеңсесінің эл.мекенжайына: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжаттарыңызды Кеңседе алынғанын міндетті түрде мына телефон арқылы нақтылау қажет +7 7172 74-08-44);

- e-mail-ға: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

 

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Тапсырыс берушінің сайтына.

 

 

 

Дата публикации
29 мая 2025