"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 30 сәуірде Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 8 маусымға Абай облысы, Үржар ауданының Барқытбел, Жоғарғы Егінсу, Көлденен, Қоңыршәулі, Салқынбел және Үржар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындады.
2025 жылдың 1 мамырдан бастап ауылдық округ әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2025 жылдың 14 мамырдағы жағдай бойынша 21 кандидат ұсынылды.
Барқытбел ауылдық округіне - 4 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Жоғарғы Егінсу ауылдық округіне-3 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Көлденен ауылдық округіне - 3 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Қоңыршәулі ауылдық округіне - 3 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Салқынбел ауылдық округіне - 3 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Үржар ауылдық округіне - 5 кандидат өзін-өзі ұсынды.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 13 мамыр сағат 18:00-де аяқталды.
Үржар ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы