Қоғамдық-саяси жағдай

Ауданда ұйымдастырылған идеологиялық, мәдени-көпшілік іс-шаралар мемлекет саясатын түсіндіруге, қоғамдық-саяси жағдайды нығайтуға және одан әрі дамытуға, ынтымақ пен тұрақтылықты арттыруға бағытталған.

2024 жылы Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы мен басқа да мемлекеттік бағдарламаларды халыққа түсіндіру мақсатында ауданның 16 ауылдық округінде ақпараттық топ мүшелерімен 50-ден астам іс-шара өткізілді. Бұл іс-шаралармен 10 мыңнан астам адам қамтылды.

Жастар саясаты:


Ағымдағы жылғы халық санағы деректеріне сәйкес, Үржар ауданында 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны 12 428 адамды құрайды. Оның ішінде 7 282 ер және 2 676 әйел адам бар.

Жастар ресурстық орталығында 5 маман жұмыс істейді. Орталық жеке ғимаратпен және тиісті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.

2025 жылдың басынан бастап мемлекеттік жастар саясаты аясында әртүрлі бағыттағы 94 іс-шара өткізілді. Жыл ішінде 300-ден астам түрлі іс-шара ұйымдастыру жоспарлануда.

Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай еріктілер қызметі шеңберінде ауданның жас кәсіпкерлері ауған соғысы ардагерлеріне азық-түлік себеттерін мерекелік тартумен табыстады. Сонымен қатар, «Үржар мед» дәріханасының иесі жас кәсіпкер Мұқанов Жандос Аманғазиевичтің қолдауымен ардагер Хомулло Виктор Николаевичке мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арба сыйға берілді.

Әр жұма сайын Қоныршаулин ауылдық округінің еріктілері мүмкіндігі шектеулі көп балалы үш отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, ауыл тұрғындарына тегін 100 бөлке нан таратты.

Аудан жастары қасиетті Рамазан айында да белсенділік танытып, Бестерек ауылдық мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне арналған «Сыйлыққа күлкі сыйла» атты акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында балаларға тәтті үстел жайылып, ойын-сауық өткізілді. Қазіргі уақытта тәрбиеленушілердің армандарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының деректеріне сәйкес, биылғы жылы 3 маусымға дейін 84 сарбазды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясаты аясында «Біргеміз! Бір толқында!» атты облыстық форумда өткізілген байқауда Үржар аудандық жастар ресурстық орталығы Абай облысы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп, «Үздік жастар орталығы» номинациясына ие болды. 2024 жылы біз үздіктер қатарынан көрінуге тырысып жатырмыз!

Діни ахуал.
Ауданда 24 ислам мешіті, 1 православие шіркеуі жұмыс істейді және олар жергілікті атқарушы билікпен тығыз байланыста. 2024 жылы дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы 78 іс-шара өткізіп, 3250 адамды қамтыды. Қазіргі уақытта діни ахуал тұрақты.

Дата публикации
06 мая 2025