2025 жылдың 20 сәуір күні Үржар ауданы Шолпан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Үржар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы, Шолпан ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Шолпан ауылдық сайлау округі
Шолпан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 641 азамат енгізілді, олардың 517-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–0, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған-0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ғалбиятов Аманкелді Ғалбиятұлы – 42; Доланбаев Ернұр Айдосұлы – 62; Оспанов Еркін Аманғазыұлы – 413.
Шолпан ауылдық округінің әкімі болып Оспанов Еркін Аманғазыұлы сайланды, 1976 жылы туған, «Үржар ауданының Шолпан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Шолпан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 21 сәуірдегі шешіммен Үржар ауданының Шолпан ауылдық округінің әкімі болып сайланған – Оспанов Еркін Аманғазыұлын тіркелді.
Үржар аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы