Құрметті Үржар ауданының тұрғындары «Абай облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына» сәйкес бөлімде тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша жүмыс жүргізілетінін хабарлайды. Жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш қажетті құжаттармен коса «электрондық үкіметіңің» www.egov/kz веб-порталы арқылы беріледі. Толық ақпаратты Үржар ауылы Абылайхан даңғылы 325 «б» тел:8(72230)3-20-92 мекенжайы бойынша маманнан алуға болады.