Үржар ауданының Шолпан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ::

  1. Шолпан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 20 сәуірге тағайындалсын:
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Үржар ауданының 2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған Шолпан ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар күнтізбелік жоспар бекітілсін.
  3. Осы қаулы Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Уақыт тынысы- Пульс времени» газетінде жариялансын.
Дата публикации
12 марта 2025