2024 жылдың 1 қарашаға аудан бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

1.11.2024 ж. Кіріс бөлігі  есепті кезеңге жоспар 6 197 888,5   мың теңге  болса кассалық орындалуы   7 242 622,9  мың теңге, немесе  116,9 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: 4 деңгейлі  ауылдық  бюджеттін  жоспары  1 117 300,2   мың теңге болса, кассалық орындалуы  1 741 410,1  мың теңге, немесе 155,9 % құрады. 

Ішкі табыстардың нақтыланған жоспары 2 022 899,2   мың теңге, орындалуы  3 377 653,6  мың теңге, немесе  1 354 754,4   мың  теңгеге артық орындалып , 167 % құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі  ауылдық  бюджеттін  жоспары  277 504,4   мың теңге болса, кассалық орындалуы  619 864,1   мың теңге, немесе 223,4 % құрады. 

Шығындар бойынша  жоспар  6 967 696,2   мың теңге игерілген қаржы  6 612 706,4 мың теңгені немесе 94,9 пайызды  құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі  ауылдық  бюджеттін  жоспары  1 117 300,2  мың теңге болса, кассалық орындалуы  1 111 950,7 мың теңге, немесе 99,5 %.  РБ бөлінген нысаналы трансферттердің  жоспары  896 843,0  мың теңге болса, игерілгені   556 266,6  мың теңге немесе 62,0 пайызды құраса, ОБ бөлінген нысаналы трансферттердің  жоспары  2 470 402,3  мың теңге болса, игерілгені                2 461 949,0   мың теңге немесе 99,7  пайызды құраса, ЖБ жоспары 3 674 147,9  мың теңге болса, касса 3 668 186,2  мың теңгені құрады, игеру   пайызы     99,8 %.

Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы     354 991,3  мың теңгені  құрады.

Дата публикации
12 ноября 2024