Мемлекет басшысының 02.02.2022 жылғы №802 ЖарлығыменҚазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері белгіленген болатын. Сонымен бірге, осы тұжырымдамада сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін болдырмау жөнінде және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру міндеттері көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары негізінде 2024 жылы Үржар ауданының жергілікті атқарушы органдары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, нәтижесінде 49 тәуекел анықталды және жұмыс жоспарына сәйкес анықталған тәуекелдерді жою бойынша шаралар қабылданды.
Аудандық жергілікті атқарушы органдар тарапынан мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізу жолға қойылып, жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Мысалы; аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында тоқсан сайын күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралып, тиісті хаттамалық тапсырмалар беріледі.
Жемқорлықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері тарапынан апта сайын бейнероликтер түсіріліп, әлеуметтік желілерге орналастырылады.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында ағымдағы жылы ауданның орталық көшелерінде, ауылдық округтерде, мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы баннерлер орнатылған. Аудан тұрғындарының ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті «Уақыт тынысы/Пульс времени» қоғамдық-саяси газетінде жемқорлықтың алдын алу, болдырмау, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қызмет сапасын жетілдіру бойынша мақалаларүнемі жариялануда. Ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және болдырмауға бағытталған мониторинг жұмыстары «Фейсбук», «Инстаграмм», «Телеграмм» әлеуметтік желілері арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ауылдық округ әкімдері мен мамандары, дербес бөлім басшылары, білім бөлімі мен мектеп директорлары, Үржар ауданының жастары арасында семинар үйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу, мемлекеттік қызметшілердің дербес жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ бұл бағыттағы жұмыстарға жалпы жұртшылықты тарту үшін барлық жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында ақпараттық стендтер және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі орнатылған.
Сондай-ақ, әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері арасында семинарлар, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, дөңгелек үстелдер және басқа да форматтағы іс-шаралар өткізіліпкеледі.
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болып, өз жалғасын таба беретін болады.