"Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 454 Үржар аудандық әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Үржар аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. "Үржар ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп - қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 454 Үржар аудандық әкімдігінің қаулысының (Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 2 қарашада № 5-18-176 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
28 октября 2024