2024 жылдың 1 қазанға аудан бюджетінің орындалуы туралы ақпарат

1.10.2024 ж. Кіріс бөлігі  есепті кезеңге жоспар 5 319 418,5   мың теңге  болса кассалық орындалуы   6 720 754,2  мың теңге, немесе  126,3 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: 4 деңгейлі  ауылдық  бюджеттін  жоспары  906 889,1   мың теңге болса, кассалық орындалуы  1 575 009,4  мың теңге, немесе 173,7 % құрады. 

Ішкі табыстардың нақтыланған жоспары 1 804 299,7   мың теңге, орындалуы  3 206 803,4  мың теңге, немесе  1 402 503,7   мың  теңгеге артық орындалып , 177,7 % құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі  ауылдық  бюджеттін  жоспары  210 576,0   мың теңге болса, кассалық орындалуы  593 195,1   мың теңге, немесе 281,7% құрады. 

Шығындар бойынша  жоспар  5 509 475,2   мың теңге игерілген қаржы  5 193 809,1 мың теңгені немесе 94,3 пайызды  құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі  ауылдық  бюджеттін  жоспары  906 889,1  мың теңге болса, кассалық орындалуы  906 018,5 мың теңге, немесе 99,9 %.  РБ бөлінген нысаналы трансферттердің  жоспары  552 644,0  мың теңге болса, игерілгені   292 826,8  мың теңге немесе 53 пайызды құраса, ОБ бөлінген нысаналы трансферттердің  жоспары  2 231 730,8  мың теңге болса, игерілгені                2 182 171,1   мың теңге немесе 97,8  пайызды құраса, ЖБ жоспары 2 798 822,4  мың теңге болса, касса 2 792 507,1  мың теңгені құрады, игеру   пайызы     99,8 %.

Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы     315 692,2  мың теңгені  құрады.

Дата публикации
14 октября 2024