№ 13 АРКӨ дауылды ескерту 2024 жылғы 09 қазаннан 2024 ж. 11 қазанның 20 сағ. 2024 ж. 13 қазанның 20 сағ. аралығы

12 қазанда Абай облысында жаңбыр, облыстың  оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, күннің соңында жаңбыр қарға ұласады. 13 қазаңда облыстың солтүстігінде,  шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ. Солтүстік-шығыстаң жел соғады, 12 қазаңда облыстың батысында, солтүстігінде 12-20 м/с, 13 қазанда облыстың батысында,  солтүстігінде, орталығында 12-20 м/с , екпіні 23-28 м/с, Ауа температурасы 12 қазаңда күндіз 5-10 жылыға дейін күрт төмендейді, 13 қазанда түнде 2-7 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз 3 градус жылыға дейін әрі қарай төмендейді.

Мұндай метеожағдайлар кезінде автокөлік қозғалысының қиындау, көрінудің нашарлауы, тайғақ жол жабынының пайда болуы қауіптің негізгі факторлары болып табылады.

Халыққа, әсіресе жолдарда, сақтық шараларын сақтау қажет. Жаяу жүргіншілерге  көшелер мен  жолдарды кесіп өту кезіңде өте мұқият болу керек, ал көлік құралдарының жүргізушілеріне жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін және қашықтықты қатаң сақтау керек.

Желдің қатты екпіні кезінде ескі және жалғыз түрған ағаштардаң аулақ болыңыз, олардың жанында көліктер тоқтамаңыз.

Дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильды қосымшасынан ала аласыз.

ТЖ туындаған жағдайда «112» қоңырау шалыңыз.     

 

Үржар ауданының ТЖБ

Дата публикации
11 октября 2024