2-қызмет көрсету тоқсандық нысаны бойынша есеп жасау тәртібі

Көрсетілген қызметтер көлемі туралы тоқсадық есебі (2-қызмет көрсету) есепті кезеңнен кейінгі 25 күнге (қоса алғанда) дейін ұсынылады.

Экономикалық қызметінің негізгі түрі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің  58-60, 62, 63, 64.20.0, 68-75, 77, 78, 80-82, 90-93, 95, 96 кодтарына жататын сәйкес заңды тұлғалар және (немесе) қызметкерлерінің саны 100-ден жоғары олардың құрылымдылық және оқшауланған бөлімшелері, сондай-ақ іріктемеге түскен қызметкерлерінің саны 100 адамға дейін заңды тұлғалар ұсынады.

Респонденттің есепті кезеңде қызметі болмаған жағдайда, респондент есепті кезең мерзімінің аяқталатын күнінен кешіктірмей статистикалық нысандар орнына, қызметінің болмау себептерін және осы қызметтің жүзеге асырылмайтын мерзімдерін көрсете отырып, қызметінің болмауы туралы хабарламаны Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6459 болып тіркелген, ҚР Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі №173 бұйрығымен бекітілген Респондеттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес ұсынуға құқылы.

Осы статистикалық нысанды ұсыну қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды түрде толтыру ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің интернет-ресурсында (www.stat.gov.kz) орналастырылған «Деректерді он-лайн режимде жинақтау» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады.

 

Дата публикации
11 сентября 2024