Үржар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Абай облысы Үржар ауданы әкімінің 2024 жылғы 6 тамыздағы № 2 шешімі. Абай
облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 тамызда № 308-18 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 33-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан
Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Үржар ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Үржар ауданының аумағында сайлау
учаскелері құрылсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Үржар ауданы әкімінің кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің аппарат басшысына
жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
10 сентября 2024