Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 50-бабының 4-тармағына сәйкес, Үржар ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты, Үржар ауданы әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын,ауыл шаруашылығын өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі 23.09.2024 жылы өтетін конкурс Үржар ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері бекітілегенге дейін уақытша тоқтатылатынын хабарлаймыз.