Жаңа Тілек сайлау округі Жаңа Тілек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 21 шілде Үржар ауданы  Жаңа Тілек  ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Үржар аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                           14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,                           113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы Жаңа Тілек  ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Жаңа Тілек  сайлау округі

       Жаңа Тілек  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

          Жаңа Тілек сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 843 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 597 дауыс берді.

 

          Жаңа Тілек ауылдық округінің әкімі болып Асылканов Рустем Болатович сайланды, 1996 жылы туған, «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, тәрбие ісі-жөніндегі директордың орынбасары, Ақжар ауылының тұрғыны,  Үржар ауданы,  Абай облысы , өзін-өзі ұсынған.

 

Үржар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының  45-бабына сәйкес 2024 жылғы 23 шілдедегі шешімімен 2024 жылғы 21 шілдеде сайланған Үржар ауданы Жаңа Тілек ауылдық округінің әкімін тіркеді.

                                             Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
24 июля 2024