Үржар ауданының бұқаралық спорт түрлері мен спорттық инфрақұрылымды дамыту туралы.
Есепті 2024 жылға Үржар ауданы бойынша 89 спорт нысыны, 64 спорт залдары бар. Соның ішінде: 1 спорт мектебі, 4 спорт модуль, 52 спорт зал, 6 хоккей қорабшасы, 38 спорт алаңы, 2 атшабар бар.
Дене шынықтыру мен спорттық іс-шараларды өткізуге арналған объектілер мен нысандар қанағаттанарлық жағдайда.
Барлық спорт нысандар мен ғимараттар күнделікте және демалыс күндері дене шынықтыру және спортпен айналысуға толығымен аудан тұрғындарына берілген.
Аудан бойынша 1 спорт мектеп жұмыс атқаруда. 8 спорт түрлері бойынша 1548 бала қамтылған.
Аудан бойынша білім беру ошақтарында 15 спорт түрі бойынша 529 спорт үйірмелер жұмыс атқаруда, онда 6 жастан 17 жасқа дейінгі 11848 оқушы спортпен айналысады.
2023 жылдың желтоқсан айына жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 26 285 адам, ол жалпы аудан халқы санының (69 173 адам) 38 % құрайды.
2024 жылы дене шынықтыру және спорт бөлімінің тарапы бойынша 47 спорттық шаралар жоспарланып өткізілуде.
Аудан көлемінде спорттық іс шаралар жоспарланып өткізілуде. Атап айтқанда аудандық оқушылар арасында шаңғы жарыстары, Тұрар Рысқұловтың 130 жылдығына арналған тоғызқұмалақтан аудандық жекелей біріншілік, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған баскетболдан аудан біріншілігі, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына 35 жыл толуына орай волейболдан аудан Чемпионаты, «Алғыс айту» күніне арналған оқушылар арсында аудандық шаңғы фестивалі, 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты қыздар арасында волейболдан аудандық жарыс, Наурыз мерекесіне арналған үстел теннисінен ерлер арасында аудан біріншілігі, Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай тоғызқұмалақтан аудандық жарыс, Наурыз мерекесіне арналған Үржар барысы, арқан тарту, мойын тартыс, бұқа тартыс, асық ату, қол күресі, гір көтеру спорт түрлерінен аудандық жарыстар, Үржар ауданы әкімінің Кубогы үшін 35 жастан жоғары ерлер арасында өтетін кіші футболдан ашық аудан біріншілігі, Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған ерлер және әйелдер арасында волейболдан аудан чемпионаты, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай және Жеңіс күніне арналған волейболдан аудан бірігшілігі. Қамтылғандар саны 1260 адамды құрады.
Ағымдағы жылы ең ауқымды спорттық іс шараларының бірі Үржар ауданы әкімінің жүлдесі үшін ХV халықтық спорт ойындар спартакиадасы 19 спорт түрінен өткізу жоспарланған, атап айтқанда: шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі, қол күресі, гір көтеру, волейбол(ұлдар, қыздар), футбол, жеңіл атлетика, қазақ күресі, көкпар, теңге ілу, аударыспақ, аламан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс, тай жарыс, құнан бәйге сияқты ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін болады.
Үржар ауданы бойынша әр –түрлі жастағы адамдардың және де халықтың әлеуметтік жағынан алғандағы топтардың арасында спорттық жарыстар өткізіліп, «Уақыт Тынысы», облыстық «Семей таңы» газеттеріне және бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталып тұрады.
Білім беру ошақтарында салауатты өмір салтын және спортты насихаттауға арнайы бұрыштамалар жасақталған. Бұрыштамаларда Президенттік тестілеудің нормативтері, мектеп жетістіктері, аудан, облыс, республика және әлем көлемінде белгілі спортшылар туралы мәліметтер көрсетілген.
Үржар ауданы спортшыларының жетістіктері:
2022 жылдың қараша айынан бастап 2023 жылдың сәуір айлары аралығында өткен футзалдан Абай облысының 1-ші чемпионатында Үржар ауданының «Рай-Газ» құрама командасы жеңімпаз атанды.
2023 жылдың 23-25 ақпан күндері аралығында Семей қаласында «Алғыс айту» күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер арасында шаңғы жарысынан Абай облысының чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста Елтай ауылдық округінің әкімі Мусагалин Улан Берикболович жеңімпаз атанса, экономика бөлімінің сектор меңгерушісі Мухамеджанов Бакытжан Караханович 4 орынға, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Кабдолданов Сарсенхан Базылханович 8 орынға ие болды.
2023 жылдың 20 мамыр күні Абай облысы, Курчатов қаласында «Абай облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы еркін жүзуден спорттық жарыс» өтіп, ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері: экономика және қаржы бөлімінің басшысы - Чакинов Нұрлан Рахымгазиевич 1 орынға, Науалы ауылдық округінің әкімі Искаков Ринат Муратович 4 орынға ие болып Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы еркін жүзу жарысына қатысты.
2023 жылдың 25 тамыз күні Аягөз ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында жеңіл атлетикадан облыстық жарысы өтті. Жарысқа ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері Аманғазин Таңат – Салқынбел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Кенесары Қуаныш – Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Сапаргазаева Гулмира ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы қатысып, 1000 метр арақашықтықта жүгіруден Аманғазин Таңат және Сапаргазаева Гулмира 1 орынды иеленіп, 100 метр арақашықтыққа жүгіруден және ұзындыққа секіруден 2 орынды иеленді. Командалық эстафетадан 1 орынды иеленіп Үржар ауданының командасы жалпы командалық есепте 1 орынға ие болды.
2023 жылдың 21-24 қыркүйек күндері аралығында Семей қаласында Абай облысының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы шахматтан жекелей біріншілік өтті. Науалы ауылдық округінің әкімі Искаков Ринат Муратович 1 орынға ие болды.
23 қыркүйек күні Үржарайым лагерінде Абай облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің арасында «Еңбек күні» мерекесіне орай жазғы облыстық спартакиадасы өтті. Аталмыш жарыста Үржар ауданының құрама командасы жеңімпаз атанды.
2024 жылдың 12-14 ақпан күні Семей қаласында Абай облысының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы қазақ күресінен облыстық спартакиадада 90+кг салмақ дәрежесінде 1 орын алған Жоғарғы Егінсу ауылдық округінің әкімі Айдос Байгулжин және 74 кг салмақта 2ші орын алған Келдімұрат ауылдық округінің бас маманы Еркебұлан Шаймардан иеленді.
2024 жылдың 03-05 сәуір күні Семей қаласында Абай облысының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында жүзуден Абай облысының чемпионаты өтті. Ерлер арасында еркін жүзу спорт түрінен 1 орын алған Науалы ауылдық округінің әкімі Искаков Ринат және еркін, арқамен жүзу спорт түрінен 2 орын алған экономика және қаржы бөлімінің басшысы Чакионов Нұрлан иеленді. Командалық эстафета нәтижесі бойынша Үржар ауданының командасы 1 орынға ие болды.
2024 жылдың 16-18 мамыр күні Семей қаласында Абай облысының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында үстел теннисінен облыстық спартакиада өтті. Ерлер арасында жекелей сында дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Кенесары Қуаныш жүлделі 2 орынды иеленді.
2024 жылдың 16-18 мамыр күні Семей қаласында Абай облысының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында волейбол спорт түрінен облыстық спартакиада өтті. Аталмыш жарыста Үржар ауданының құрама командасы командалық есепте 1 орынға ие болып, ауданымыздың абыройын көтерді.
Алдағы уақытта да қалған спорт түрлерінен облыстық спартакиадаға ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері қатысатын болады.
Мемлекеттік қызмет саласында еңбек ете жүріп, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әріптестерімізге әрқашан сәттілік тілейміз!
Ауданымыздан шыққан кәсіби спортшылар
Алмат Кебіспаев (грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының 5 дүркін жүлдегері, олимпиада ойындарының қатысушысы). 2023 жылдың 8-10 сәуір күндері аралығында елордамыз Астана қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері. ҚР чемпионы.
Сейтқазинов Ерсін (қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР чемпионы, Азия чемпионы). 2023 жылдың 19-20 тамыз күндері Таскескен ауылында өткен қазақ күресінен Республикалық турнирдің жеңімпазы. 2023ж қараша айының ортасында ересектер арасындағы қазақ күресінен Ақтау қаласындағы өткен ҚР Чемпионатының чемпионы. Қазақ күресінен ересектер арасында ағымдағы жылдың сәуір айында өткен ҚР кубогінің чемпионы. Жерлесіміз алда өтетін әлемдік және халықаралық додаларға тыңғылықты дайындалуда.
Шәмшиев Саят (қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионы) 2023 жылдың 19-20 тамыз күндері Таскескен ауылында өткен қазақ күресінен Республикалық турнирдің 2 орын иегері. 2024 жылдың 22 наурыз мерекесіне ұйымдастырылған «Үржар Барысы» аудандық жарысының чемпионы.
Ерлан Серікжанов дзюдо күресінен Токио олимпиадасына қатысушысы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Халықаралық дәрежедегі спорт шебері).
Ел көлемінде және шет елдерге әлемдік жарыстарда тартысты бәсекелердің жеңімпаздары болып жүрген:
Мукушев Айбар (дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері)
Тлеуханова Назерке (дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері)
Ануарбеков Ермахан (дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы, Азия кубогінің жеңімпазы)
Сағатбеков Махамбет (дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы)
Ақбота Закисханова (еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ІІІ орын иегері)
Асхат Ажар (дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ІІІ орын иегері, ҚР чемпионы)
Жоғарыда аталған спортшыларымыз еліміздің көк байрағын желбіретіп Қазақ елін шет мемлекеттерге танытып тек ауданымыз үшін ғана емес бүкіл қазақ жұртына мақтаныш болып жүр.
Алдағы уақытта ауданымызда әр-түрлі спорт түрлерінен аудандық жарыстар өткізілетін болады. Назарларыңызға рахмет!
Дене шынықтыру және спорт
бөлімі басшысы У.Мусагалин