Үржар ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

2023 жылы Үржар ауданының тұрғындарына жергілікті атқарушы органдармен 9492 мемлекеттік қызмет көрсетілді:

- оның ішінде, қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, бірақ «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуі мүмкін болған -1639;

- қағаз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілгенді есептемегенде -33;

- «Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы-1211;

- электрондық форматта- 6609 қызмет,

оның ішінде:

1)  «Электрондық үкімет» порталы арқылы-1095,

2)  электрондық түрде «Е – лицензиялау» АЖ арқылы – 1371,

3) электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы тікелей байланыссыз -2570.

4) көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген (www.egov.kz, www.elicense.kz, "электрондық үкімет" веб-порталын қоспағанда), оның ішінде қызмет түрлері бойынша-1573.

«Электрондық үкімет порталы» арқылы баламалы негізде көрсетілетін қызметтер санынан электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі 70%  құрады. Аудан бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мерзімін бұзу фактілері анықталған жоқ.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

 

Үржар ауданының аумағында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету үшін Үржар ауданында 3 ХҚКО жұмыс істейді. (Үржар, Мақаншы және Таскескен ауылдық бөлімшелері).

 

Бақылау іс-шараларын жүргізу

 

Үржар ауданында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеуді бақылауды «Мониторинг» АЖ арқылы ұйымдастыру жұмысын, Үржар ауданының ұйымдастыру, мемлекеттік көрстеілетін қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімі жүргізеді.

 Аудан әкімі аппараты басшысының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №76-нқ-б бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес 2023 жылы ауылдық әкімдіктер мен дербес бөлімдерде 10 бақылау іс-шарасы өткізілді. 

Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік мекемелердің басшыларына жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша халыққа мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету бойынша бақылауды күшейту ұсынылды.

 

 

 

Дата публикации
10 мая 2024