Үржар ауданының аумағында
сайлау учаскелерін құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына, «Қазақстан Республикасының құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Үржар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Үржар ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
- Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Үржар ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы А.Тулендинге жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі А.Башимбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Үржар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы