2024 жылдың 1мамырға аудан бюджетінің
орындалуы туралы ақпарат
1.05.2024 ж. Кіріс бөлігі есепті кезеңге жоспар 1 961 916,7 мың теңге болса кассалық орындалуы 2 476 708,1 мың теңге, немесе 126,2 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 577 275,7 мың теңге болса, кассалық орындалуы 333 240,5 мың теңге, немесе 157,7 % құрады.
Ішкі табыстардың нақтыланған жоспары 1 147 416,7 мың теңге, орындалуы 1 590 674,8 мың теңге, немесе 443 258,1 мың теңгеге артық орындалып , 138,6 % құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 113 269,7 мың теңге болса, кассалық орындалуы 276 086,5 мың теңге, немесе 343,7% құрады.
Шығындар бойынша жоспар 1 961 916,7 мың теңге игерілген қаржы 1 959 483,8 мың теңгені немесе 99,9 пайызды құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 577 275,7 мың теңге болса, кассалық орындалуы 576 670,8 мың теңге, немесе 99,9%. РБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 760,0 мың теңге болса, игерілгені 640,1 мың теңге немесе 84,2 пайызды құраса, ОБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 468 246,0 мың теңге болса, игерілгені 468 218,6 мың теңге немесе 100 пайызды құраса, ЖБ жоспары 1 492 910,7 мың теңге болса, касса 1 490 625,0 мың теңгені құрады, игеру пайызы 99,8 %.
Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы 2433,0 мың теңгені құрады.