«Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
Талдамалық анықтама
Үржар ауылы 26.04.2024 ж.
Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 19.10.2016 ж. № 12 бұйрығы, Абай облысы Үржар ауданы әкімі аппараты басшысының 19.03.2024 жылғы № 18 бұйрығы негізінде Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі -"Талдау") жүргізілді.
Талдау мерзімі - 2024 жылдың наурыз-сәуір айлары.
Бұйрыққа сәйкес талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды, оның құрамы:
Амирбаева Д. Ж. – заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
Бапинова М. М. – Әдеп жөніндегі уәкіл,персоналды басқару бөлімінің басшысы;
Тулендин А. Г. – ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер және ақпараттық технологиялар мониторингі бөлімінің басшысы;
Сағатбекова С.Қ.- Жалпы бөлім басшысы;
Құлмағамбетова А. М. – заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы;
Бауыржанұлы Ернар – заңгерлік және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы;
Талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері:
Сипаттама бөлігі:
Үржар ауданы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер саны штат бойынша - 21 адам, факті бойынша – 19 адам.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін және 2024 жылғы 1 қаңтардан 29 ақпанға дейін өткізілген конкурстар бойынша шағымдар түскен жоқ.
Командалық қозғалысқа байланысты кадрлардың ауысуы анықталмаған.
2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін 3 адам жұмыстан шығарылды, оның ішінде: басқа мемлекеттік органның басқа мемлекеттік лауазымына ауысуына байланысты 2 адам, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты 1 адам.
2024 жылғы 1 қаңтардан 29 ақпанға дейін 4 адам жұмыстан босатылды, оның ішінде: басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты 2 адам, қысқартылуға байланысты 1 адам, өз қалауы бойынша 1 адам.
Жұмыстан теріс қылықтармен босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ.
Мемлекеттік қызметтегі шектеулерді сақтауға байланысты бұзушылықтар, еңбек заңнамасын бұзу фактілері тіркелмеген.
"Үржар ауданы әкімінің аппараты" ММ барлық мемлекеттік қызметшілері біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс істейді.