«Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы»

 «Абай облысы Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы»

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Абай облысы Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы №1,2,3,4,5,6 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

  1. Абай облысы Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі №7 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. «Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі №489 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4733 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Абай облысы білім басқармасының «Үржар ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдағы туындайтын шараларды қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Үржар ауданы әкімінің орынбасары Б.К. Турлыбековке жүктелсін.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                                                     А. Башимбаев

Дата публикации
19 апреля 2024