Үржар ауданы әкімдігінің Үржар ауданы Абай МКК (бұдан әрі-МКК) "Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу" N4 жобалар тобы бөлігіндегі "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" N4 ҮББ жобаларын іске асыру бойынша келесідей хабарлайды:
N1 тапсырманы орындау шеңберінде 2024 жылдың қаңтар, ақпан,наурыз айларында ұйымның қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері бойынша ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шаралары жүргізілді.
Аталған іс-шараға МКК басшылары мен қызметкерлері қатысты. Қалған жұмыскерлер Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" Заңымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықпен және лауазымды адамдар мен жұмыскерлердің "мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі қағидалармен" қол қою арқылы таныстырылды.
Комплаенс қызмет офицері В. Кенжебаева