«Абай облысы Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
жүргізілген ішкі талдаудың нәтижесі бойынша
талдамалы анықтамасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тармағына сәйкес ұсынымы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде және « 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14 нқ өкімімен бекітілген «Абай облысы Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де 2023 жылдың 1,2,3,4 тоқсандар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Мекен-жайы: Абай облысы, Үржар ауданы Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы № 122, телефон: 8(72230) 3-35-19.
Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміні басшысының м.а. Самат Сайтқанұлы Маусымбаев.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылдың 19 наурыз айынан 2024 жылдың 08 сәуір айына дейін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сипаттама бөлігі:
Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша.
Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық және құқықтық актілер "Бюджет кодексі", "Қазақстан Республикасын жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі" және «Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің ережесі болып табылады.
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерде (бөлімнің ережесі, бұйрықтар) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.
шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау
Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміндегі штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны – 6, нақты – 5 адам. Аудан әкімінің аппаратында орталықтандырылған «Персоналды басқару қызметі» болуына байланысты, бөлімде конкурстық комиссия қарастырылмаған. Командалық қозғалысқа байланысты кадрлардың ауысуы анықталмаған. 2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта өз еркімен 1 адам жұмыстан шықты. Теріс қылығы үшін қызметтен босатылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге арналған шектеулер мен еңбек заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.
«Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес қызмет атқарады.
Персоналды басқару бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің және бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің атына теріс жарияланымдар болған жоқ.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жақын туыстарының, жұбайларының, жекжаттарының тікелей бағыныста болу фактісі анықталмаған. Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтар болған жоқ , мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсетеді (ары қарай мемлекеттік қызмет). Осы мемлекеттік қызметті көрсету талаптары бойынша, "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі қағидалардың 2 тарауы, 11 тармағына сәйкес, Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады делінген. Алайда аталған ақпараттық базадан осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметті беруші бұндай ақпараттарды алу мүмкіндігі жоқтығын айтуға болады. Себебі, бөлімде тек «Мекенжай тіркелімі» деген ақпараттық жүйелік базасы ғана қолданылады. Бұл базада мемлекеттік қызметті көрсету үшін толықтай ақпарат қарастырылмаған. Мемлекеттік қызметті көрсететен «Мекенжай тіркелімі» базасында бұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті мемлекеттік қызметті алушыдан қосымша құжаттар сұрауға мәжбүр боламыз. Бұл мемлекеттік қызмет түрі мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, сұратылатын құжаттар тізбесі:
1)Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2)Жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін).
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді делінген. Осы стандарт бойынша қосымша құжаттар сұрау мүмкіндігі жоқтығы қиындық туғызады.
ҰСЫНЫС: Жоғарыда айтылғандардың негізінде, мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша құқық белгілейтін құжаттар талап ету жөнінде өзгерістер енгізуге немесе толықтыруға ұсыныс білдіреміз.
Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.
Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырмайды.
6.1. Жыл басында құрылысқа бөлінген қажетті республика, облыс және аудан есебінен бөлінген қаражатты игеру мәселесі. Атап айтқанда, мердігер тарапынан шартқа сәйкес орындалатын жұмыс көлемінің аз болуы немесе тіпті жұмыстардың болмауы сияқты, сонымен қатар шарт бұзу жағдайларында қаражат игерілмеу қаупі бар. Қаражат игерілмеген жағдайда аудан әкімінің көрсеткішіне әсер етеді, екіншіден жыл соңында бюджеттік бағдарлама әкімшісінің есеп шотынан қаражат кері қайтарылады. Ал келесі жылда бағдарлама мерзіміне сәйкес аяқталуына байланысты, құрылыстың аяқталуына қаражат бөлінбеуі ықтимал. Бұл жағдай келесідей қауіптерді туғызады: қаражат кері қайтарылған жағдайда құрылыс жұмыстары тоқтап, мерзімінің ұзаруына, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының төмендеуіне әкеліп соғады. Өз кезегінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жыл соңына қарай қаражат игеру мақсатында жоғарыда аталған себептерге байланысты мердігерге төлем жасауға тура келеді. Төлем жасау сыбайлас жемқорлықтың тәуекелі болып табылады.
ҰСЫНЫС: Бюджет саласындағы заңнамаға және нормативтік-құқықтық актілерге қаражат игерілмеген жағдайда бюджеттік бағдарламаның әкімшісінің шотында құрылысқа берілген қаражатты кері қайтаруды тоқтатып, құрылыстың аяқталуына дейін есеп шотында қалдыру бойынша өзгеріс еңгізу.
6.2. Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес атқарылған жұмыстарға атқарылған жұмыстардың актісі негізінде төлем жасалады. Қағаз нұсқасында қол қою кезінде құрылыс субъектілері яғни тапсырыс беруші мен құрылыс салушы, авторлық және техникалық қадағалаудың тікелей бетпе-бет кезіктіруіне әкеліп соғады. Қағаз жүзіндегі акті жалған құжат болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекеліне жол берілуі қауіпін туындатады.
ҰСЫНЫС: Мемлекеттік сатып алу порталында қағаз нұсқадағы актіні тек электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып электронды түрге алмастыру.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамауы, сондай-ақ қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) оның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2) аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға басшылықты жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу
Мекеме 2023 жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі талданған кезең аралығында Мемлекеттік сатып алу веб-порталында 78 шарт жасады, оның ішінде:
- рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын конкурс бойынша - 15 шарт;
- ашық конкурс бойынша - 18 шарт;
- баға ұсыныстарын сұрату бойынша - 1 шарт;
- тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен - 22 шарт;
- өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу тәсілімен - 3 шарт;
- электрондық дүкен арқылы – 17 шарт.
- негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңімен – 2 шарт.
1 шарт ерекше тәртіпті қолдана отырып конкурс қорытындысы бойынша қағаз жеткізгіште жасалған.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары басшының бұйрығымен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар бұйрықпен енгізілген.
Мемлекеттік сатып алулар заңымен көзделген тәртіппен және мерзімге сәйкес өткізілген. Мемлекеттік сатып алу шарттар белгіленген мерзімінде жасалынды, бұл ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында көрсетіледі.
Қазынашылық органдарында тіркелуді талап ететін барлық шарттар белгіленген мерзімдерден аспайды, бұл «Қазынашылық – клиент» АЖ-нде және Мемлекеттік сатып алу веб-порталдарында расталады.
Осы бағыт бойынша талданған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
«Үржар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-нің Ережесіне сәйкес ақпараттық жүйелерді әзірлеу бөлімнің функциялық міндетіне жатпайды.
Жұмыс барысында бөлім қызметінің әртүрлі мәселелері бойынша келесі ақпараттық жүйелерді пайдаланады:
"ПАРУС", "Қазынашылық-Клиент", «ЕСФ», "Ашық НҚА" порталы, "Мемлекеттік сатып алу" порталы, "Мемлекеттік тізілім", "ОДО", "Е-өтініш", "Е-қызмет", «ЕПСД» «Сот кабинеті», «Е-лицензия»,"Ашық бюджет" порталы "Статистика" порталы, Салық төлеушінің кабинеті".
Жоғарыда аталған ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бөлімге келіп түскен өтініштерді қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының 29.06.2020 жылғы Әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексіне сәйкес қатаң жүргізіледі. Талдау жасалған кезеңде бөлімге 23 өтініш түскен. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер уақтылы тіркеледі, өңделеді, орындалады және бақыланады. Барлық өтініштер бойынша жауаптар уақтылы беріледі, қойылған сұрақтарға түсініктемелер беріледі. Бөлім жұмысының барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы орындауға байланысты бөлім басшылығының әрекеттеріне азаматтардың өтініштері түскен жоқ. Ішкі талдау барысында жұмыс тобы бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қорытынды бөлім
1) Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
2) Жыл көлемінде жұмыс тобының ұсынымдарын орындалуына мониторинг жүргізілсін.
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері сайтқа орналастырылсын.
Жұмыс тобының құрамы:
Байкадамова Альмира Оркеновна - бас маман
Ли Юрий Вячеславович - заңгер
Айткурманова Нүлгүл Берікқанқызы - бас маман
Балтабек Алтынай Ерланбекқызы - бас маман
Үржар ауданының сәулет,
қала құрылысы және құрылыс
бөлімі басшысының м.а. С. Маусымбаев