"Абай облысы Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша Талдамалық анықтама

 

ЖОБА

Сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін талдау жүргізу бойынша

әдістемелік ұсынымдарға

2-қосымша

 

"Абай облысы Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша

 Талдамалық анықтама

 

Кіріспе бөлім

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 19.10.2016 жылғы № 12 бұйрығы, "Абай облысы Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 19.03.2024 жылғы  № 58 н/қ бұйрығы негізінде 2023 жылдың I, II ,III және IV тоқсандарына бойынша  «Экономика және қаржы бөлімі "мемлекеттік мекемесінің жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Мекен-жайы: Абай облысы, Үржар ауданы Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы № 122, телефон: 8(72230) 3-35-14.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Чакинов  Нурлан Рахимғазыұлы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  2024 жылдың 19 наурыз айынан 2024 жылдың 08 сәуір айына дейін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

                                               Сипаттама бөлігі:

    

 Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша.

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық және құқықтық актілер "Бюджет кодексі", "Қазақстан Республикасын жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі", Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» және ММ «Экономика және қаржы бөлімінің » Ережесі болып табылады.

  тәуекелдің  атауы: Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді талдау барысында келесі НҚА бойынша нақты нормалар анықталмағандықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал ету ықтималдығы жоғары.

-Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.

тәуекелдердің сипаттамасы:

1) Ай сайынғы қосымша еңбек ақы алуға және жыл сайын ақысы төленетін қосымша демалыс алуға  "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы"1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес айқындалған. Заңда бұл әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну, 1991 жылдан кейін туылғандарға немесе "жәбірленушінің куәлігінің" болмауына қарамастан қолданылатыны нақты көрсетілмеген.

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығының 4 тармағына сәйкес, көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға, немесе тұрғын үй салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сұранысқа ие мамандықтардың және ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бойынша ұсынылады.  Тізбеде ауылдық елді мекендердегі сұранысқа ие мамандықтар көрсетіліп, сайтқа жарияланады.  Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін ауылдық елдi мекендерге 8-10 жыл бұрын келіп осы мамандықпен жұмыс атқарып жүрген мамандар құжаттар тапсыруда. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға ықпал етеді.

- тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: Жоғарыда көрсетілген  нормативті құқықты  актілерге  өзгерістер енгізгу туралы ұсыныстар  ұсыну.

 

  1. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау

 

Экономика және қаржы бөліміндегі штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны – 14, нақты – 13 адам. Аудан әкімінің аппаратында орталықтандырылған «Персоналды басқару қызметі» болуына байланысты, бөлімде конкурстық комиссия қарастырылмаған. Командалық қозғалысқа байланысты кадрлардың ауысуы анықталмаған. 2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта  басқа тұрғылықты жеріне көшуіне байланысты 1 адам жұмыстан шықты. Теріс қылығы үшін қызметтен босатылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге арналған шектеулер мен еңбек заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

 "Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ-нің барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес қызмет атқарады.

Персоналды басқару бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бұқаралық ақпарат құралдарында экономика және қаржы бөлімінің және бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің атына теріс жарияланымдар болған жоқ.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жақын туыстарының, жұбайларының, жекжаттарының тікелей бағыныста болу фактісі анықталмаған. Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтар болған жоқ , мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен  саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын  ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 72 бұйрығына сәйкес, Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі  «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен  саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын  ұсыну» туралы мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсан сараптама кезеңі аралығында «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен  саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын  ұсыну»  мемлекеттік қызметі бойынша 66 өтініш келіп түсті.  Барлық қызметтер электронды үкімет порталы (ЭҮП) арқылы онлайн форматта көрсетілді.

Көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері бойынша негізсіз бас тартулар болған жоқ. Барлық көтерме жәрдемақы кідіріссіз уақытында аударылды. Қажет емес құжаттарды талап ету фактілері болған жоқ.

Аталған мемлекеттік қызметті көрсетуде өзгерістер болды. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 93 бұйрығына сәйкес, «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша «Отбасы банк» АҚ (бұдан әрі - Банк) 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Сенім білдірілген өкіл (агент) болып тағайындалды. Осыған орай мемлекеттік қызмет «Отбасы банк» АҚ порталында жүзеге асырылады, яғни қызмет автоматтандырылды.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Экономика және қаржы бөлімі рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.

 

  1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

Экономика және қаржы бөлімі бақылау-тексеру функцияларын жүзеге асырмайды.

 

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін талданған кезеңде нақтыланған бюджет 12 095,9 млн теңгені, кассалық атқарылуы 12 035,4 млн теңгені, немесе 99,5 % құрады. Бюджет қаражатының қалдығы 60,5 млн теңгені құрады. Бюджеттік қаражатты игеру барысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін аңықтаған жоқ.

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» бұйрығы бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру «Экономика және қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сәйкес функционалдық міндетіне жатады. 2023 жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі талдау кезеңінде ауданның бірыңғай ұйымдастырушысы  ретінде 70 мемлекеттік сатып алуды жүргізді. Жүргізілген мемлекеттік сатып алуды талдау барысында тәуекел анықталды:

- тәуекелдің  атауы: Ішкі мемлекеттік аудит Департаменті тарапынан камералдық бақылау нәтижелері бойынша сатып алуды қайта қарау және жою фактілерінің болуы.

- тәуекелдің сипаттамасы:

  3) Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға жиі өзгерістер енгізіледі. Бұл өзгерістер Мемлекеттік сатып алу порталында енгізіледі. Бөлімде Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бойынша тұрақты техникалық оқу жүргізіледі. Соған қарамастан, бірыңғай ұйымдастырушы конкурс жариялаған кезде ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің конкурстарды қайта қарау және жою туралы 20 хабарламасы келді. Камералдық бақылау хабарламасын алған кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес 10 жұмыс күн ішінде бұзушылықтар жойылады. Камералдық бақылаудың  жіберілген барлық хабарламалары талданды. Осы хабарламалар толық көлемде және мерзімдері бұзылмай орындалғаны анықталды.

- тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: Мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңалықтарды, өзгерістер мен толықтыруларды үнемі зерделеу бойынша мамандардың жұмысын күшейту. Үнемі енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, конкурстарды рәсімдеу мен өткізудің дұрыстығына бақылауды күшейту.

 

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

  «Экономика және қаржы бөлімі» 2023 жылдың 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі талданған кезең  аралығында Мемлекеттік сатып алу порталында 31 шарт жасады, оның ішінде:

9  шарт баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;

9  шарт тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен;

4  шарт өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу тәсілімен;

8  шарт электронды дүкен тәсілімен;

1 шарт негіздемелік келісім пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңімен;

     Мемлекеттік сатып алу жоспары басшының бұйрығымен бекітілген, өзгерістер бұйрықпен енгізілген.

     Мемлекеттік сатып алуды өткізу белгіленген мерзімдерге сәйкес. Мемлекеттік сатып алу  шарттар мерзімінде жасалады, бұл мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетіледі.

     Қазынашылық органдарында тіркелуді талап ететін барлық шарттар белгіленген мерзімдерден аспайды, бұл К2 (қазынашылық порталы) және Мемлекеттік сатып алу порталдарында расталады.

    Осы бағыт бойынша талданған кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

"Экономика және қаржы бөлімі" ММ-нің Ережесіне сәйкес ақпараттық жүйелерді әзірлеу бөлімнің функциялық міндетіне жатпайды.

  Жұмыс барысында бөлім қызметінің әртүрлі мәселелері бойынша келесі ақпараттық жүйелерді пайдаланады:

 "Бюджеттік қаржыландыру", "Қазынашылық-Клиент", "Ашық НҚА" порталы, "Мемлекеттік сатып алу" порталы, "Мемлекеттік тізілім", "ОДО", "Е-өтіш", "Е-қызмет", "Ашық бюджет" порталы "Статистика" порталы, Салық төлеушінің кабинеті",экономика және қаржы бөлімінің ресми веб-сайты.

 Жоғарыда аталған ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

      Бөлімге келіп түскен өтініштерді қарау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының 29.06.2020 жылғы Әкімшілік рәсімдік іс жүргізу кодексіне сәйкес қатаң жүргізіледі. Талдау жасалған кезеңде бөлімге  29 өтініш түскен. Жеке және заңды тұлғалардан  келіп түскен өтініштер уақтылы тіркеледі, өңделеді, орындалады және бақыланады. Барлық өтініштер бойынша жауаптар уақтылы беріледі, қойылған сұрақтарға түсініктемелер беріледі. Бөлім жұмысының барлық кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы орындауға байланысты бөлім басшылығының әрекеттеріне азаматтардың өтініштері түскен жоқ. Ішкі талдау барысында жұмыс тобы бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Қорытынды бөлім

 

   1) Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін.

   2) Жыл көлемінде жұмыс тобының ұсынымдарын орындалуына мониторинг жүргізілсін.

  3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері сайтқа орналастырылсын.

 

 

Жұмыс тобының төрайымы:    Анаканова  Г.М

Хатшы:   Сиябекова Г.Б

Жұмыс тобының құрамы:

Акпекова Г.Б

Танырберген Б

Ахметжанова Ж.А

Садыгулова  А.А

 

 

 

«Экономика және қаржы бөлімінің»    

басшысы                                                                                   Чакинов Н.Р

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 апреля 2024