Үржар аудандық маслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9-199/VIIІ «Үржар ауданы Бахты ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

 

 

Үржар аудандық маслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы

№ 9-199/VIIІ «Үржар ауданы Бахты ауылдық округінің 2024-2026

жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің  109-1  бабының 4 тармағына,  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Үржар аудандық мәслихатының 2024 жылғы ___ наурыздағы   №_____/VIІІ  «Үржар ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №8-185/VIІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне  сәйкес, Үржар аудандық  мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №9-199/VIІI «Үржар ауданы Бахты ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер  енгізілсін:

1 тармақ  келесі  редакцияда жазылсын:

«1. Үржар ауданы Бахты ауылдық округінің 2024-2026  жылдарға арналған бюджеті тиісінше қосымшаға сәйкес, 2024 жылға келесі көлемде бекітілсін:

          1) кірістер – 58 118,0 мың теңге, соның ішінде:

          салықтық түсімдер – 8 520,0 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-0,0 мың теңге;

          трансферттер түсімі  49 598,0 мың теңге;

      2) шығындар –  60 518,0  мың теңге; 

3) таза бюджеттік кредиттеу- 0,0 мың теңге, соның ішінде:

      бюджеттік кредиттер-0,0 мың теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу- 0,0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо-0,0 мың теңге,   соның ішінде:

      қаржы активтерін сатып алу 0,0 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін

              түсімдер- 0,0 мың   теңге;

        5) бюджет тапшылығы (профициті)  –  -2400,0 мың теңге;

        6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін

            пайдалану) –2400,0 мың теңге, соның ішінде:

 қарыздар түсімі-0,0 мың теңге;

 қарыздарды өтеу -0,0 мың теңге

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары -2400,0 мың теңге»;

аталған шешімнің  қосымшасы  осы шешімнің   қосымшасына  сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі

 

 

 

Лауазымы                                                    

Дата публикации
27 марта 2024