Үржар аудандық маслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9-201/VIII «Үржар ауданы Егінсу ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

Үржар аудандық маслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9-201/VIII  «Үржар ауданы Егінсу ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған  бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу      туралы»

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар ауданы Егінсу ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 49 808,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 4 580,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 45 228,0 мың теңге;

2) шығындар – 49 808,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)  –  351,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 351,0      мың теңге;

қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 351,0 мың теңге.

  1. 4 қосымшаға сәйкес Үржар аудандық мәслихатының шешімдері күші жойылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Үржар аудандық

мәслихатының төрағасы                                                        А.Омаров

 

Дата публикации
12 марта 2024