ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 25 ақпанда Үржар ауданы Алтыншоқы, Елтай және Қарақол ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Үржар аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы Алтыншоқы, Елтай және Қарақол ауылдық округі әкімдерінің сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Алтыншоқы сайлау округі
Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Алтыншоқы сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1467 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 1131 дауыс берді.
Алтыншоқы ауылдық округінің әкімі болып Оралбаев Сырым Муратканулы сайланды, 1994 жылы туған, Үржар комплекстік мемлекеттік сортсынау бөлімшесі, басшысы, Алтыншоқы ауылының тұрғыны, Үржар ауданы, Абай облысы , өзін-өзі ұсынған.
Елтай сайлау округі
Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Елтай сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 885 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 625 дауыс берді.
Елтай ауылдық округінің әкімі болып Толемисов Досжан Аитказинович сайланды, 1969 жылы туған, «Қ.Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы», тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Елтай ауылының тұрғыны, Үржар ауданы, Абай облысы , «AMANAT» партиясы ұсынған.
Қарақол сайлау округі
Қарақол ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Қарақол сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1223 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 1180 дауыс берді.
Қарақол ауылдық округінің әкімі болып Мусабаев Марат Муратбекович сайланды, 1974 жылы туған, «Қарақол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкімі , Қарақол ауылының тұрғыны, Үржар ауданы, Абай облысы , «AMANAT» партиясы ұсынған.
Үржар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 26 ақпандағы шешімімен 2024 жылғы 25 ақпандағы сайланған Үржар ауданы Алтыншоқы, Елтай және Қарақол ауылдық округінің әкімдерін тіркеді.
Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы