Жаңа ауыл шаруашылық техникаларын алу жолдары.

Жаңа ауыл шаруашылық техникаларын алу жолдары.

  1. «КазАгроФинанс» АҚ-ы арқылы лизингке алу.

Негізгі шарттары:

  • Кемінде 2 жыл жұмыс істеп тұрған ауыл шаруашылық құрылымы болу керек;
  • Ауыл шаруашылық құрылым басшысының несие тарихының таза болуы;
  • Егін шаруашылығымен айналысатын шаруашылқтардың кемінде 70-80 гектар егістік жерлері болуы;
  • Мал шаруашылығымен айналысатын шарушылықтардың жайылыс жерлері, 70-80 бас мүйізді ірі қара малы, 300 бас ұсақ мүйізді малдары болуы керек;

Алу жолдары:

  • Керекті құжаттар тізбесі бойынша құжаттарды жинақтап Семей қаласындағы «КазАгроФинанс» АҚ-ның филиалына өткізеді.
  • Филиал құжаттарды қарастырып 18-20 күн аралығында шешім шығарады;
  • Шешім шыққан соң Үржардағы Халық банкісінен алғашқы төлем аударылады (алғашқы төлем: техниканың өзіндік құнынан трактор, комбайндарға – 15%, тіркемелерге – 20 - 25 %);
  • Алғашқы төлем төленген соң келісім-шарт жасалып, техниканы 90 күн ішінде береді.

Үкіметтен көрсетілетін көмектер:

  • ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің инвестициялық салым кезінде шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу бағдарламасы бойынша жаңадан алған ауылшаруашылық техникаларына шектеулі бағаның ( ҚР құрастырылған трактор, комбайндарға - 30 %, басқаларға - 15 % ) ауыл шаруашылық тіркемелерге 15 % инвест. субсидия қаражаты төленеді.
  • 22 % үстемақының 16 %-ы субсидияланыды (процентная ставка).

Бұл субсидияларды алу үшін әр шаруа қожалығы өтілімді өздерінің электрондық кіліттерімен «GosAgro kz» бағдарламасы арқылы береді.

Өз қаражаттарына ауыл шаруашылық техникаларын сатып алған шаруа қожалықтары да «GosAgro kz» бағдарламасы арқылы өтілім беріп 15 - 30%-ық инвест. субсидия қаражатын алуға болады.

 

 

Жеңілдетілген несиелер:

Ауыл Аманаты

 «Ауыл Аманаты» жобасының негізгі қаржыландыру бағыттары:

1) Өңдеу саласына қатысты жобалар;

2) Өсімдік шаруашылығын дамыту;

3) Ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау;

4) Мал шаруашылығын дамыту;

5) Басқа бағыттағы бизнес жобалар;

 

Несиенің негізгі шарттары:

1) Шағын несие мерзімі 5 жылға дейін; мал шаруашылығындағы жобалар үшін 7 жылға дейін;

2) Шағын несиенің ең жоғарғы сомасы - ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда 2,5 АЕК, яғни (8.6 млн теңге), зәкірлік кооперация – шағын және орта шаруа (фермерлік) қожалықтары және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 8 мың АЕК (27.6 млн теңге) дейін;

3) Сыйақы мөлшері жылына 2.5 пайыздан аспайды;

 

Несие талаптары:

1) Несие алушы жеке кәсіпкер ретінде тіркеуде болуы тиіс;

2) Басқа несиелері бойынша мерзімі өткен жарналар болмауы керек;

3) Мемлекеттік кірістер органдарында берешек болмауы тиіс;

4) Кепілмен қамтамасыз ету;

5) Зейнет жасына жетпеген;

6) Ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайдың (жер телімі, қораның) болуы қажет.

 

 

Агробизнес

«АгроБизнес» бағдарламасы - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және кредиттік берешекті қайта қаржыландыруға кредит беру.

Нысаналы мақсаты:

  • негізгі құралдарды сатып алу, оның ішінде объектілерді жаңғырту;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстары, оның ішінде қайта құру;
  • айналым қаражатын толықтыру (Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қоспағанда).

Мерзімі

Меншікті және/немесе тартылған қаражаттан:

  • негізгі құралдарға/құрылыс-монтаждау жұмыстарына - 120 айға дейін;
  • айналым қаражатына - 48 айға дейін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан:

144 айға дейін (тек инвестицияларға тікелей кредит беру үшін).

Сомасы

қарыз алушыға 1 млн теңгеден (ҚР Ұлттық қорының қаражатынан – 50 млн теңгеден) 5 млрд теңгеге дейін, қарыз алушылар тобына/кредиттік серіктестікке 10 млрд теңгеге дейін.

Мөлшерлеме

Меншікті және/немесе тартылған қаражаттан:

  • Тікелей кредитт беру - жылдық 22% (ЖТСМ – жылдық 22%-дан бастап).
  • КС/МҚҰ/ЛК/ЕДБ/ЕАДБ/ӨИО– жылдық 18% (ЖТСМ – жылдық 18%-дан бастап) (КС/ЛК/ЕДБ/ЕАДБ/ӨИО қарыз алушыларға кредит беруі кезінде – маржа 4%-дан артық емес; МҚҰ қарыз алушыларға кредит беруі кезінде - маржа 10%-дан артық емес).
  • ҚР Ұлттық қорының қаражатынан - жылдық 6% (ЖТСМ - жылдық 6%-дан бастап) (тек инвестицияларға тікелей кредит беру үшін).

Қамтамасыз ету

Тікелей кредит беру, кредиттік серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары – қоғамның кепіл саясатына сәйкес.

 

Кең дала

«Кең дала» көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасы

Несиелеу жолдары

Несие серіктестіктері (НС)

Аймақтық инвестиция орталықтары (АИО)

Микроқаржы ұйымдары (МҚҰ)

Екінші деңгейлі банктер арқылы (ЕБД)

Нысаналы мақсаты

Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстары үшін айналым қаражатын толтыру

Мерзімі

Қаржыландыру жылынан кейінгі жылдың 1 наурызына дейін.

Сомасы

Несие серіктестіктері үшін – 1 млн теңгеден 10 млрд теңгеге дейін;

АИО/МҚҰ/ЕДБ үшін – 1 млн теңгеден бастап Қоғамның жеке капиталының 25% дейін.

Мөлшерлеме

Жылдық 1,5% (ЖТСМ – 1,5%-тен бастап)

(НС/АИО/МҚҰ/ЕДБ арқылы несиелеу кезінде маржа 3,5%-тен аспайды)

Кепіл

Несие серіктестіктері – Қоғамның кепіл саясатына сәйкес;

АИО – кепілсіз;

Микроқаржы ұйымдары – АИО/ЕДБ кепілдігі;

Екінші деңгейлі банктер – кепілсіз.

Дата публикации
14 февраля 2024