Кәсіпкерлік жіне ауыл шаруашылығы бөлімінің 2023 жыл бойынша қорытындысы

 

Өнеркәсіп.

2023 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі  2 млрд. 770,0 млн.теңгені құрап, өсу қарқыны 2022 жылмен (2387,6 млн.тг) салыстырғанда өсу қарқыны  116,0%,  нақты көлем  индексі  104,6%.

Кәсіпкерлік.

      2023 жылдың қорытындысымен  аудан  көлемінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік нысандардың саны - 6368 бірлік, оның  ішінде, заңды  тұлғалар -185 бірлік, жеке кәсіпкерлер  саны - 3302 бірлік, шаруа қожалықтар саны -2881 бірлік. 2022  жылмен (5926 бірлік) салыстырғанда  кәсіпкерлер  саны  108,0 % немесе  442 бірлікке  артық..  

      Есепті жылы аудан көлемінде:

      8 сауда дүкені;

      2 сауда үйі;

      6 қоғамдық тамақтану орны;

      1 мейрамхана;

     1 тойхана;

      3 көлік жуу орталығы;

      5 шаштараз;

      2 қоғамдық монша жаңадан  іске қосылып,

      70-ке жуық  жаңа  жұмыс  орындары  ашылды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті  дамыту жөніндегі  Ұлттық  жоба» бағдарламасы  аясында  23 жоба  «Даму қоры» АҚ-арқылы 945,3 млн.теңгеге субсидияландырылды.

  Туризм.

Алакөл жазғы демалыс аймағында 435 кәсіпкерлік  нысан орналасқан.

Туристік кешенде:

230 демалыс базасы (есепті жылға 11 демалыс  базасы жаңадан іске қосылды);

52 сауда дүкені;

94 дүңгіршек;

54 қоғамдық тамақтану орындары;

4 дәріхана;

1 автобекет орналасқан.

Инвестиция және құрылыс. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі  47 млрд.253,1 млн.теңгені құрады. 2022 жылмен (27239,7 млн.тг) салыстырғанда 174% немесе 20 млрд.014 млн.теңгеге артық  орындалды, соның ішінде:

  • жеке және басқа қарыз қаражаттары есебінен 37 млрд. 421,9 млн.теңге;
  • бюджеттік қаражат есебінен 9 млрд. 831,9 млн.теңге.
Дата публикации
14 февраля 2024