Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларымен қамту барысы туралы
Үржар ауданында 2024 жылдың 01 қаңтарына- 3069 көп балалы отбасы бар, оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталғандары - 1416, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасылар саны - 1653.
Аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен бекітілген «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына» сәйкес аудан бойынша 2023 жылы 671 отбасына (3594 адам, оның ішінде 302 көп балалы жанұядан 2026 адам) 342062,2 мың теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалумен қатар 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға ай сайын 5175 теңгеден (1,5 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде қосымша көмек беру қарастырылған. 2023 жылы 537 отбасына (3090 адам, оның ішінде 1007 балаға) аталған көмек тағайындалып төленді.
Халықаралық 8 наурыз мерекесіне байланысты «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар 3002 аналарға 15000 теңгеден бір жолғы материалдық көмек төленді.
Аудан әкімінің 05.01.2020 жылғы № 02 нқ-ө өкімімен ауданда құрамында 15 адамнан тұратын комиссия құрылып, тұрақты негізде көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешіп, жұмыс жасауда.
Жыл басынан бері комиссияның 4 отырысы өткізіліп, онда көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру, мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру, мектеп формасымен, мектеп құралдарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына балабақшалар үшін ақы төлеу және т.б. мәселелер қаралды.
Бөлім басшысы Л.Дуйсенова