2024 жылдың 1 қаңтарға аудан бюджетінің
орындалуы туралы ақпарат
1.01.2024 ж. Кіріс бөлігі есепті кезеңге жоспар 13 116 010,9 мың теңге болса кассалық орындалуы 13 138 237,8 мың теңге, немесе 100,2 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 1 720 148,8 мың теңге болса, кассалық орындалуы 1 776 829,6 мың теңге, немесе 103,3 % құрады.
Ішкі табыстардың нақтыланған жоспары 3 243 353,0 мың теңге, орындалуы 3 262 421,3 мың теңге, немесе 19 068,3 мың теңгеге артық орындалып , 100,6 % құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 356 996,0 мың теңге болса, кассалық орындалуы 413 089,1 мың теңге, немесе 115,7 % құрады.
Шығындар бойынша жоспар 13 319 127,3 мың теңге игерілген қаржы 13 260 513,1 мың теңгені немесе 99,6 пайызды құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 1 720 148,8 мың теңге болса, кассалық орындалуы 1 718 532,7 мың теңге, немесе 99,9%. РБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 2 626 827,0 мың теңге болса, игерілгені 2 578 173,8 мың теңге немесе 98,1 пайызды құраса, ОБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 4 810 541,6 мың теңге болса, игерілгені 4 806 420,9 мың теңге немесе 99,9 пайызды құраса , ЖБ жоспары 4 658 499,7 мың теңге болса, касса 4 650 759,6 мың теңгені құрады, игеру пайызы 99,8 %.
Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы 60 513,9 мың теңгені құрады.