Об утверждении положения о государственном учреждении "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства Урджарского района области Абай"

Түсініктеме. Күші жойылған – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 261 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді).
РЦПИ ескертпесі.
Құжат мәтінінде түпнұсқаның тыныс белгілері мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының "Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту.

  2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.


      Үржар ауылының әкімі* С.Зайнулдин

  Бекітілген
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 27 ақпандағы № 93 қаулысымен

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының "Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

  1. Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының "Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және Үржар ауданы аумағында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік әлеует, сауда және туризм салаларында басшылықты жүзеге асырады.

  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауы жазылған мөрлері мен штамптары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

  4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  5. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда және шектерде мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

  6. Бөлім өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтары және өзге де құқықтық актілер түрінде ресімделетін шешімдер қабылдайды.

  7. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 071700, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы № 141.

  9. Мемлекеттік органның толық атауы – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының "Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

  10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

  11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Үржар ауданының жергілікті бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

  12. Бөлімге өзінің функцияларына кіретін міндеттерді орындау бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

  13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы – Үржар ауданы аумағында кәсіпкерлікті, аграрлық секторды, өнеркәсіптік әлеуетті, сауда мен туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.

  1. Бөлімнің міндеттері:

  1. ауылдық жерлерде экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын орындау мен іске асыруды ұйымдастырады және осы негізде кәсіпкерлік, аграрлық сектор, өнеркәсіптік әлеует, сауда және туризмнің даму келешегін, даму үрдістерін айқындайды;

  2. нарықтық инфрақұрылым мен нарықтық типтегі ұйымдастырушылық құрылымдарды қалыптастыруға жәрдемдеседі, бірыңғай қаржы-инвестициялық саясат пен есеп жүргізеді;

  3. ауылдық жерде жеке меншік негізінде әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық шаруашылық нысандарының дамуына және қалыптасуына жәрдемдеседі;

  4. ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын, оларды іске асыру жолдары мен әдістерін, ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау шараларын анықтап, енгізуге жәрдемдеседі;

  5. Үржар ауданы аумағында азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізеді.

  1. Бөлімнің функциялары:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне, аграрлық секторға, өнеркәсіптік әлеуетке, сауда мен туризм салаларына мемлекеттік қолдау көрсетеді;

  2. кәсіпкерлікті, аграрлық секторды, өнеркәсіптік әлеуетті, сауда мен туризмді дамыту саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;

  3. ауылдық аумақтардың дамуына мониторинг жүргізеді;

  4. кәсіпкерлік, аграрлық сектор, өнеркәсіптік әлеует, сауда, туризм және ауылдық аумақтар саласындағы жедел ақпаратты жинап, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына ұсынады;

  5. тиісті өңірдегі азық-түлік тауарлары қорының есебін жүргізіп, облыстық жергілікті атқарушы органға есептілікті ұсынады;

  6. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

  7. Үржар ауданы аумағында кәсіпкерлік және аграрлық қызмет, сауда, туризм және инвестициялық ахуалдың дамуына жағдай жасайды;

  8. өңірде шағын және орта кәсіпкерлік, аграрлық сектор, сауда, туризм және инновациялық қызметті қолдаудың инфрақұрылымдық нысандарын құру және дамыту жұмыстарын қамтамасыз етеді;

  9. сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастырады;

  10. өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағаның сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

  11. көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырады;

  12. Үржар ауданы аумағында туризм саласында мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

  13. Үржар ауданы аумағында туризмнің даму жағдайына талдау жасап, облыстық жергілікті атқарушы органға ақпарат береді;

  14. аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;

  15. Үржар ауданы аумағында туризм индустриясы объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

  16. балалар мен жасөспірімдер лагерьлері, туристер бірлестіктері мен әуесқой туризмнің дамуына жәрдемдеседі;

  17. туризм нысандары, туристік әлеует және туристік қызметпен айналысатын тұлғалар туралы ақпаратты қоса алғанда, туристік ақпаратты ұсынады;

  18. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшылығына ұсыныстар енгізу;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде, бөлім қызметіне қатысты мәселелерді бірлесіп қарау және әзірлеу үшін ауданның басқа жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін тарту;

  3. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізу бастамасын көтеру;

  4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде, өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан сұрату;

  5. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялар беру;

  6. Заңнамалық шеңберде және өз құзыреті шегінде, жеке және заңды тұлғалардың ресми сұрауы болған жағдайда, қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;

  7. Бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімнің басшылығын бірінші басшы жүзеге асырады, ол Бөлімге жүктелген міндеттер мен оның функцияларын орындауға дербес жауапты болады.
19. Бөлімнің бірінші басшысын лауазымға тағайындау және қызметінен босату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үржар ауданының әкімімен жүзеге асырылады.
20. Бөлімнің бірінші басшысының қарамағында сектор меңгерушілері болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және қызметінен босатылады.
21. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

  1. заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және қызметінен босатады;

  2. заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

  3. өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

  4. Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

  5. Бөлімнің мүдделерін мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;

  6. Үржар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылым шегінде Бөлімнің штаттық кестесін бекітеді;

  7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды және бұл үшін дербес жауапкершілік көтереді;

  8. кәсіби даярлығы, қабілеті және тәжірибесіне сәйкес ерлер мен әйелдердің мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

  9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
    Бөлім басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны уақытша алмастыратын тұлға жүзеге асырады.


4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Бөлім, заңнамада көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында жекелеген мүлікке ие бола алады.
Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздерден алынған мүліктен құралады.
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Бөлімге бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті, егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім өз бетінше иеліктен шығара алмайды және басқаша пайдалана алмайды.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

  Үржар ауданы әкімдігінің

   _____________ 2022 жылғы

   № ____ қаулысына қосымша

 

 

«Абай облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік

және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕСІ

 

1.Жалпы ережелер.

 

        1.1   «Абай облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Үржар ауданы аумағында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асырады.

       1.2  Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

       1.3  Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

      1.4     Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      1.5  Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      1.6  Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      1.7 Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      1.8   Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан, Абай облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылдық округі, Үржар ауылы,  Абылай Хан даңғылы № 141, пошта индексі 071700.

      1.9  Мемлекеттік органның толық атауы - "Абай облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

     1.10   Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

     1.11 Бөлімнің қызметін қаржыландыру Үржар ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.     

     1.12 Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    1.13 Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері.

 

       2.1 Үржар ауданы аумағында кәсіпкерлікті, аграрлық секторды, өнеркәсіптік әлеуетті, сауда мен туристік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.

      2.2 Ауылда экономикалық реформаның негізгі бағыттарын орындауды және іске асыруды ұйымдастырады және осы негізде кәсіпкерліктің, аграрлық сектордың, өнеркәсіптік әлеуеттің, сауда мен туристік қызметтің перспективаларын, оның даму үрдісін айқындайды;

      2.3 Нарықтық инфрақұрылымды және нарықтық үлгідегі ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруға жәрдем көрсетеді, бірыңғай қаржылық-инвестициялық саясат пен есепке алуды жүргізеді;

      2.4 Жеке меншік негізінде ауылда шаруашылық жүргізудің әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарын дамытуға және қалыптастыруға жәрдемдеседі;

      2.5 Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын, оларды іске асырудың жолдары мен әдістерін, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауды айқындайды және енгізуге жәрдемдеседі;

      2.6 Үржар ауданы аумағында азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына мониторинг жүргізеді.

 

3.Бөлімнің Функциялары.

 

      3.1 Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін, Аграрлық секторды, өнеркәсіптік әлеуетті, сауда мен туристік қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;

     3.2   Кәсіпкерлікті, аграрлық секторды, өнеркәсіптік әлеуетті, сауда мен туристік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;

     3.3    Ауылдық аумақтардың дамуына мониторинг жүргізеді;

     3.4    Тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізеді;

    3.5  Үржар ауданы аумағында кәсіпкерлік және аграрлық қызметті, сауданы, туризмді және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;

    3.6 Өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті, аграрлық секторды, сауданы, туризмді және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;

    3.7 Аграрлық сектордың, оның ішінде өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы секторының ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

   3.8  Ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға жәрдемдеседі, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;

  3.9 Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруды ынталандырады, ұсыныстар әзірлейді және мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

  3.10 Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар бойынша техникалық инспекция саласында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер:

- Куәлікті, куәліктің телнұсқасын беру, ескі үлгідегі куәлікті жаңа куәлікке ауыстыру (айырбастау) кезінде;

- тракторларды басқарушы тұлғаларды сенімхат бойынша тіркеу;

- тіркеу құжатын (телнұсқасын) және тракторлар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

- тракторларды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.

    3.11 Аудан аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;

    3.12  Көрме-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;

    3.13 Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекітеді;

    3.14 Үржар ауданы аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

    3.15 Аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді, туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

    3.16  Балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;

    3.17 Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

    3.18  Сараптамалық кеңестің қызметін ұйымдастырады.

    3.19 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

     3.20. Ішкі сауда субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттыруын реттейді.

 

4.Бөлімнің құқықтары мен міндеттері.

 

     4.1 Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшылығының қарауына ұсыныстар енгізу;

     4.2 Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін ауданның жергілікті атқарушы органдарының басқа Бөлімдерінің қызметкерлерін тарту;

    4.3 Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер өткізуге бастамашылық ету;

    4.4 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұрату;

   4.5 Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;

   4.6 Заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;

   4.7 Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

  1. Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру.

 

     5.1. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

    5.2 Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үржар ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

    5.3. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын сектор меңгерушілері болады.

   5.4 Бөлім басшысының өкілеттігі:

      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) Бөлім қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеуді жүзеге асырады және тәртіптік жазалар қолданады;;

      3) Өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

      4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;;

      5) Бөлімнің мүддесін білдіреді және мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда;

      6) Үржар ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат саны мен құрылымының лимиті шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;;

      7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      8) Ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    10) Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

        6.1 Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

     6.2  Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

     6.3 Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

7.1 Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Бөлім басшысы                                                                               Е.Болатов

 

Дата публикации
27 февраля 2015