Мақала
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету барысы, сыбайлас жемкорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар туралы.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2014 жылы 23 қазанда №1131 қаулысымен Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілген.
Пробация қызметі бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған немесе сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамдарды есепке алады.
Осы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі ҚР Қылмыстық –атқару кодексінің 63,69,169,172 және 174-баптарын іске асыру мақсатында әзірленді және сот пробациялық бақылау және әкімшілік қадағалау белгілеген адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
Пробация қызметі есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсетеді.
Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар пробациялық бақылау белгілеген, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, оған қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамдарға пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді.
Құқықтық көмек алу үшін пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін жергілікті атқарушы органға жібереді. «Құқықтық көмек мынадай көрсетілетін қызметтерді көздейді»
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсеткен кезде жергілікті атқарушы органдар мынадай іс-шараларды жүзеге асырады.
Қазіргі танда Мақаншы ауылдық округі бойынша пробациялық қызметтін берген есебіне сәйкес пробациялық есепте тұрған адамдар саны 16.
Оның ішінде 2 адам жеке кәсіпкер. Қалған 14 адам жұмыспен қамтылған. Өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге қатысты бағдарламалар мен өтініштер келіп түскен жоқ.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүлде мүмкін емес деп санайды. Көп жыл бойы олар мәселені терең зерттемей тұрып, пара алушыларды қылмыс үстінде ұстап келді. Әртүрлі адам бір лауазымды атқарып отырып, бірдей мәселелерді шешкені үшін кінәлі деп танылған. Жемқорларды тұрақты түрде ұстап, түрмеге тоғытып отырған. Ал сыбайлас жемқорлықтың белең алуына қатысты себептер мен жағдайлар ешкімді қызықтыра қоймаған. Тек соңғыжылдарығана осы мәселеге назар аударыла бастағаны байқалады.
«Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды. Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тапсырмасы бойынша әзірленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын бекітетінін мәлімдеді. Бірақ жұмыстың тиімділігі нақты нәтиже бойынша бағаланады. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.
Бағдарламаның мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекетті, қоғам мен бизнесті осы әлеуметтік кесапатқа қарсы жұмылдыру. Мемлекет, қоғам және бизнестің сенім, өзара жауапкершілік, әріптестік, айқындық, ашықтық пен есептілік қағидаттарына негізделген жаңа үлгідегі қарым-қатынасын қалыптастыру. Аталған мақсатқа жету келесі мәселелердің шешілуін талап етеді:
Қазақстан Республикасының 2015 жылы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 23 қарашадағы №416-V «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңдары қабылданып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлді. Осы жоғарыда аталған Заңдармен Мақаншы ауылдық округі әкімінің аппараты жанындағы құқықтық оқу мектебі тыңдаушыларының арасында сабақ өткізіліп отырады. Әкімшіліктің көпшілікке көрнекі жеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар ілінген.
2016 жылдың 19 ақпанда ҚР Қаржы Министрлігінің 18 қарашадағы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Заңдармен және ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Қаржы Министрлігінің сыйлықтарды арнаулы мемлекеттік қорға тапсыру механизмі мен мерзімдерін, тұлғаның сыйлықты сатып алу, сондай-ақ сатып алудан бас тарту жағдайында оны сату тәртібін көздейтін тұлғалар үшін Жадынама әзірленген. Осы Жадынамамен Мақаншы ауылдық округі әкімінің аппараты мамандарының қатысуымен құқықтық сабақ өткізіліп, таныстырылған.
Жыл басынан бері ауылымыздағы ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққы» тақырыбында 2 дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 927 бұйрығына сәйкес Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау қағидалары әзірленген.
Мақаншы ауылдық
округінің әкімі К. Есенов