Абай облысы
Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Алтыншоқы, Елтай және Қарақол ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алтыншоқы, Елтай және Қарақол ауылдарының әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:
- Алтыншоқы ауылдық округінің әкімі – Алтыншоқы ауылдық округінің шекарасындағы Алтыншоқы сайлау округі;
- Елтай ауылдық округінің әкімі – Елтай ауылдық округінің шекарасындағы Елтай сайлау округі;
- Қарақол ауылдық округінің әкімі – Қарақол ауылдық округінің шекарасындағы Қарақол сайлау округі;
- Алтыншоқы, Елтай және Қарақол сайлау округтерінің шекаралары мен аудандық сайлау комиссиясының мекен-жайын Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет- сайтына және «Уақыт тынысы- Пульс времени» аудандық газетінде жариялансын..
Сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Каримов
Сайлау
комиссиясының хатшысы А.Габбасова
Үржар ауылы,
2024 жыл 17 қаңтар
№ 01