«Үржар ауданының Қарабұлақ ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

«Үржар ауданының Қарабұлақ ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

 

АНАЛИТИКАЛЫҚ  АНЫҚТАМА

 

Қарабұлақ ауылы                                                      20 қараша 2023жыл

 

Қазақстан Републикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес және  Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 05 қазандағы № 47нқ-ө өкімінің негізінде «Үржар ауданының Қарабұлақ ауылдық округі Әкімінің аппараты»(әрі қарай- Әкім аппараты) мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ішкі талдаумен 2022 жылдың 3,4 тоқсандары және 2023 жылдың 1,2,3 тоқсандарындағы  жұмыс кезеңі қамтылды.

2023 жылғы 05 қазандағы № 47-нқ-ө өкімінің негізінде Әкім аппараты бойынша  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде комиссия құрамы бекітілді.

Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау 2022 жылдың 3,4 тоқсандары және 2023 жылдың 1,2,3 тоқсандарын қамтиды.

Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ Үржар ауданы әкімдігінің 15.09.2022 жылғы № 423 қаулысымен бекітілген «Абай облысы Үржар ауданының Қарабұлақ ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Ережеге сәйкес, әкім аппаратының міндеті – жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

Талдау нәтижелеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

Талдау объектінің қызметін реттейтін құқықтық актілердің және ішкі құжаттардың тізбесі:

  • 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
  • 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-VI Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
  • 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
  • 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • 2016 жылғы 06 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • 2003 жылғы 08 ақпандағы №387 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы»;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысы «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесі туралы»;
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысы «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»;
  • 2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген № 423 «Абай облысы Үржар ауданының Қарабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі;
  • Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары;
  • Қызметкерлердің жеке істері;
  • Әкімнің өкімдері мен шешімдері;
  • ИС ОДО, ИС ГБД ЕЛ, ИС «Е-обращение» ақпараттықжүйелер;
  • Талдау объектіге қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері және т. б.

 

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • Персоналды басқару
  • Мүдделер қақтығысын реттеу
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету
  • Мемлекеттік сатып алу.
  • Басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

 

  1. Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  • Персоналды басқару:

          01.07.-31.12.2022 жылғы жағдай бойынша  әкім аппаратының штат саны – 6 бірлікті, нақты саны -5 бірлікті құрайды. 07.11.2022жылы конкурстық негізде 1 мемлекеттік қызметші жұмысқа қабылданды. Жұмыстан шығу себептеріне жүргізілген талдау 16.11.2021жылы 1 мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты жұмыстан босатылғанын көрсетті.

       01.01.2023-30.09.2023 жылғы жағдай бойынша  әкім аппаратының штат саны – 6 бірлікті, нақты саны -4 бірлікті құрайды. Осы мерзімде 3 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылып, конкурстық негізде 1 мемлекеттік қызметші  жұмысқа қабылданды. Жұмыстан шығу себептеріне жүргізілген талдау 1 мемлекеттік қызметші өз қалауы бойынша, 1 мемлекеттік қызметші зейнеткерлік жасқа толуына байланысты, 1 мемлекеттік қызметші басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты жұмыстан босатылғанын көрсетті. Бос  орындар саны -2 бірлік.

  01.07.-31.12.2022 жылғы жағдай бойынша  техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын келісімшарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлер – 6 бірлік.

01.01.2023-30.09.2023 жылғы жағдай бойынша  техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын келісімшарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлер – 7 бірлік. 01.09.2023жылдан бастап  келісім шарт негізінде  есепші ретінде 1 қызметкер жұмысқа қабылданды.

 

1.1 Лауазымға іріктеу және  тағайындау тәртібі мәселелерінің  реттелмеуі.

 

                        Конкурстық рәсімдер 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бектіліген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Үржар ауданы әкімінің персоналды басқару қызметі бөлімімен жүргізіледі.

Бос жұмыс орындарына конкурс өткізу туралы хабарлама «Е-қызмет» жүйесінде, ИРРИГО және Үржар ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылады.

          Нақты рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық өткізілетін конкурстарға жұртшылық өкілдерінен байқаушылар қатысады.

          2022 жылдың 3,4 тоқсанында және 2023жылдың 1,2,3 тоқсандарында  конкурстық іріктеуді жүргізбей лауазымға тағайындалғандар болған жоқ, конкурстық іріктеуді формальды түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау, іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болуы тіркелген жоқ.

 

  • Қызметкерлерді ынталандыру және ынталандыруды арттыру.

 

Әкім аппараты қызметкерлеріне жалақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №1193 қаулысы негізінде есептеледі. 2021 жылғы 30 маусымнан бастап «Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» ҚБПҮ№451 қаулысының  негізінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа схемасы белгіленді.

 Орындалатын жұмыстардың тиімділігі мен сапасын арттыруға қызметкерлердің мүдделілігін күшейту мақсатында Әкім аппараты қызметкерлеріне мемлекеттік мерекелер қарсанында силықақы беру «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне силықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемақылар бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Қатаң түрде тәртіптік жазасы бола тұра  силықақы, үстемақылар беру анықталған жоқ.

2022 жылдың 3,4 тоқсанында және 2023жылдың 1,2,3 тоқсандарында  қысқа мерзімде тәртіптік жазаларды алып тастау фактілері анықталған жоқ.

 

1.3 Мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен  шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасауы.

 

2022 жылдың 3,4 тоқсанында және 2023жылдың 1,2,3 тоқсандарында   әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасағаны анықталған жоқ.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

 

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Републикасы Заңының 14-бабының 1 тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде әкім аппаратында жақын туыстарының бірлескен қызмет (жұмыс) атқару фактісі анықталған жоқ.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

          Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес Әкім аппатаратымен 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • сауда-саттық (конкурсарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  • жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
  • елді мекендер шегінде объект салу үшін жер учаскелерін беру;
  • жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.

Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі тегін көрсетіледі. 

 

  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

 

  01.07-31.12.2022жылға әкім аппаратына келіп түскен өтініштер-2. Барлық өтінішке  жауап берілген. Әкімнің жеке қабылдауына  тіркелгендер жоқ.

          Қабылданған нормативтік актілер жалпы саны 43 оның ішінде шешімдер – 11; негізгі қызмет бойынша өкімдер –15 ; кадр мәселесі бойынша – 4; жеке құрам бойынша өкімдер – 5;  қызметкерлер бойынша өкімдер – 8.  

          01.01.-30.09.2023 жылға әкім аппаратына келіп түскен өтініштер –2. Барлық өтінішке жауап берілді. Әкімнің жеке қабылдауына 5 адам тіркелді. Қабылданған нормативтік актілер жалпы саны 104 оның ішінде шешімдер – 17; негізгі қызмет бойынша өкімдер – 46; кадр мәселесі бойынша өкімдер– 12; жеке құрам бойынша өкімдер – 14;  қызметкерлер бойынша өкімдер – 15. 

          Әкім аппаратының рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары қарастырылмаған.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері анықталған жоқ.

 

 

  1. Мемлекеттік сатып алу.

 

  • Мемлекеттік сатып алу кезінде мүдделер қақтығысының орын алуы

 

Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 4.12.2015 жылғы №434 Заңының 37- бабына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылды.

Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізіледі.  Мемлекеттік сатып алу шарттары Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылады. Талданып отырған кезеңде жүргізілген Мемлекеттік сатып алу бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңының 6- бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер сақталған. Мемлекеттік сатып алу кезінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

 

  1. Басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жатады.

 

  • Әкім аппаратының қызметкерлері қатарынан мемлекеттік

қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданып, олардың жеке істерінде тігілген.Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамауы, сондай-ақ қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері анықталған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18  қарашадағы Қазақстан Републикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.

 

  • Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Анықталған жоқ.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:

 

- қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастыру және құқықтық сауаттылықты және мәдениетті әрі қарай жетілдіру мақсатында құқықтық сабақтардың өткізілуін жалғастыру;

- мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүйелі, жоспарлы, сапалы жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу веб порталының үздіксіз жұмыс істеуіне бақылау жасау.

Ішкі талдау нәтижелерінің сараптамалары  интернет ресурсқа жариялансын.

 

 

 

Қарабұлақ ауылдық

округінің әкімі                                                                              Е.Кайранбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2023