Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2024 жылғы 17 қаңтардағы
№ 02 қаулысымен бекітілген
2024 жылғы 25 ақпанға тағайындалған Абай облысы
Үржар ауданы, Алтыншоқы, Елтай және Қарақол ауылдық округінің әкімдерін сайлауды
әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспары
|
1. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы 2024 жыл 17 қаңтар (113-1-б. 2,3-т.)
|
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2024 жылғы 26 қаңтар кешіктірмей (22-б.) |
|
|
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2024 жылғы 26 қаңтардан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
|
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2024 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2024 жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
|
|
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2024 жылғы 18 қаңтардан басталады және 2024 жылғы 30 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б. 1-т,.5-т.)
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидат тиісті құжаттарын ұсынғаннан кейін (4 б, 2т,)(113-5-б., 11-т.)
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1 тт., 31-б.) |
|
|
|
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.)
|
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.) |
|
|
|
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2024 жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (01 қаңтар 2024 жыл) |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
|
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады. 2024 жылғы 04 ақпан жергілікті уақытпен 18.00 аяқталады (113-5-б.1-т, 10-т,14-т.)
|
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
|
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2024 жылғы 04 ақпан 18.00 басталады, 2024 жылғы 24 ақпан жергілікті уақытпен 00.00 аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2024 жылғы 05 ақпанға дейін (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2024 жылғы 10 ақпаннан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2024 жылғы 15 ақпанға дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2024 жылғы 22 ақпаннан ерте емес және 24 ақпаннан кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2024 жылғы 25 ақпан жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2024 жылғы 28 ақпаннан кешіктірмей (113-10-б.)
|
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
|
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2024 жылғы 03 наурыздан кешіктірмей (44-б.)
|
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2024 жылғы 03 наурыздан кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |