Жоба
№____ «___» _________2023 жыл «___» _________2023 года №____
Үржар ауылы село Урджар
Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Үржар ауданы бойынша 2024-2025жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары
Осы Үржар ауданы бойынша 2024-2025жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспарда:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картаны;
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;
6) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графикті;
7-1) жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картаны;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, жайылым пайдаланушы, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерді, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтерді, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректеді ескере отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша Үржар ауданында 27 ауылдық округ, оның ішінде: 51 ауылдық елді – мекені орналасқан.
Үржар ауданының жалпы көлемі 2341372 га, оның ішінде жайылымдық жерлер –1683764 га.
Санаттар бойынша жерлер:
1003811,94 га - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
154312 га - елді-мекен жерлері;
9 625,20 га - өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер;
45505 га - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
1125831,06 га - аудандық жер қоры деп бөлінеді.
Аудан аумағындағы климат бірқалыпты-құрғақ, бірқалыпты-ыстық, жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 260-290 мм. Қысы суық, ұзақ. Ең суық қаңтар айының орташа айлық температура -12°С, абсолюттік минимумы -37°С. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс бағыттарындағы жел басым. Салыстырмалы ылғалдылық 67%.
Ауданның өсімдік жабыны селеулі-бетегелі-жусанды, селеулі-бетегелі-бозды-бетегелі, бозды-бетегелі-астық тұқымдасты, жұмсақ сабақты және бұталы-шымқабатты-астық тұқымдасты бозды бетегелі. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының ортасында орнайды, сәуірдің бірінші онкүндігінде ериді. Аязсыз мерзімнің ұзақтығы 150-170 күн.
Ауданның топырақ жамылғысы күңгірт-құба, таулы жерде оңтүстіктік қара топырақ, қарапайым қара топырақ, оңтүстік қара топырағы, тау қаратопырағы сілтісіз және қарапайым.
Ауданда 27 мал дәрігерлік пункттері және 27 мал қорымдары бар.
Үржар ауданы бойынша отарлардың, табындардың келесідей түрлері қалыптастырылған:
- елді мекеннің жанында ірі қара малдың (сауын сиыр) 85 табыны;
- жайылым учаскесінде ірі қара малдың 196 табыны (төл, аналық етті және т. б.);
- жайылым учаскесіндегі ұсақ қара малдың 210 отары;
- жайылым учаскесіндегі жылқылардың 104 табыны.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Үржар ауданы бойынша барлығы 1683764 га жайылымдық алқаптары бар. Елді-мекен шегіндегі 134587 га жайылым, қордағы жерлерде 881933,03 га жайылымдық алқаптар бар.