«Абай облысының Үржар ауданының Науалы ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама.
Науалы ауылы 20қараша 2023 жылы
2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген2016 жылдың 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сай, Абай облысының Үржар ауданы әкімі аппаратының бөлімдерінде (әрі қарай-Аппарат)сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай- СЖТТ) жүргізілді.
СЖТТ келесі бағыттарда жүргізілді:
- талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық
актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТТ жүргізу кезінде келесі ұсынымдар мен ережелер пайдаланылды:
2022 жылдың 30желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсыагенттігі төрағасының №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (әрі қарай- Әдістемелік ұсынымдар).
2016 жылдың 19 қазандағы №12 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсыагенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілгенСыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік ереже (әрі қарай –Үлгілік ереже).
Ішкі талдау жүргізу мерзімі 2023 жылдың 06 қазанына 20 қарашаға дейін белгіленген.
Науалы ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобының 2023 жылғы 06 қазандағы № 40-нқ-ө Науалы ауылдық округі әкімінің өкімімен құрылып бекітілген.
Талдау объектінің қызметін, ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін ішкі құжаттарының және құқықтық актілерінің ішкі талдауменен және олардың коррупциялық тәуекелдерінің болуына 2023 жылдың 1,2,3 тоқсандар қамтылған.
«Абай облысы Үржар ауданының Науалы ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Абай облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округі әкімінің қызметінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген №423 «Абай облысы Үржар ауданының Науалы ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сай жүзеге асырылады.
Науалы ауылдық округінің әкімі болып 2022 жылдың 10 қазанындағы №85-ЖҚ өкімімен Искаков Ринат Муратович тағайындалған.
Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соңғы ішкі талдау 2022 жылы 01 қаңтар айынан 23 желтоқсанға дейін 2022жылдың 1,2,3,4 тоқсандар қамтылған мерзімдер бойынша жүргізілді.
Аталған талдаудың өткізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны 4, талдау бойынша әзірленген және орындалған ұсынымдар- 3.
Үржар ауданының Науалы ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
1.2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
2.2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
3.2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
4.2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
5.2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
6.2016 жылғы 06 сәуірдегі №480-V«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
7.2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
8.2003 жылғы 08 ақпандағы №387 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
9.Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсанда №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы»;
10.Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»;
13.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесі туралы»;
14.Үржар ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті;
15.2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген №423 «Абай облысы Үржар ауданының Науалы ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі;
16.29.08.2001 жылғы № 1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларымен»;
17.Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, қызметкерлердің жеке істері;әкімнің өкімдері мен шешімдері;
18.ИС ОДО, ИС «Е-қызмет», ИС «Е-обращение», ЕПИР ГО ақпараттық жүйелер;
19.Талдау объектіге қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Науалы ауылдық округі әкімі аппаратында дербес бөлімдер мен ведомстволар жоқ.
СЖТТ жүргізу барысында Науалы ауылдық округі әкімінің аппараттында келесі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері анықталған:
1.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мынадай мәселелерді қамтиды:
2.Мемлекеттік қызметтер көрсету;
3.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
4.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
1.Персоналды басқару
1.1. Кадр айналымы
2023 жылы Әкімің аппараты штат саны – 7 бірлікті құрайды, оның ішінде вакансия- 1. Аппаратта 6 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда.
2023 жылдың 9 ай ішінде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкер жоқ. Маусым айында 1 мемлекеттік қызметкер зейнет жасына жеттіп, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 61 бабының 1- тармағының 3) тармақшысының негізінде мемлекеттік қызметте болу мерзімін тараптардың өзара келісімі бойынша бір жылға ұзартылды. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын тұлғалар – 6 бірлік. 2023 жыл басынан 1 азаматтық қызметкер келісімшарт негізінде жұмысқа қабылданып, өз өтініші негізінде қызметкермен келісімшарт тоқтатылып жұмыстан босатылды, қыркүйек айында келісімшарт негізінде жұмыс жасап жүрген 1 жұмысшы өз өтініші негізінде, келісімшарт тоқтатылып, жұмыстан босатылды.
Конкурстық рәсімдер 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бектіліген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс арқылы өткізіледі.
Бос жұмыс орындарына конкурс өткізу туралы хабарлама «Е-қызмет» жүйесінде, ИРРИГО және Үржар ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылады. Сондықтан қарапайым азаматтар бұл конкурстар жайлы кейде хабардар болып қалады.
2023 жылдың 1,2,3, тоқсанында конкурстық іріктеуді жүргізбей лауазымға тағайындалғандар болған жоқ. Бірақ, мемлекеттік қызметтегі бос лауазымдағы орындарға жастар баруға құлшынып тұрған жоқ, себебі жалақысы аз. Сол себептен вакантты орындар ұзақ уақыт босап тұрады, ал жұмысқа кірген азаматтар түрлі себептермен жұмыстан шығып кадрлардың айналымы бой алып тұр.
Ұсыныс: Жұмысқа қабылдау барысында ашықтықты қамтамасыз етіп, заң талаптарына сай жүзеге асыру. Еңбекақыны көтеріп, талаптарды күшейту.
1.3.Мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасауы.
2023 жылдың 1,2,3 тоқсанында жылы әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасағаны анықталғанмен мемлекеттік қызметшілер арасында әдептік қағидаттарды дәріптеу және қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауапкершілік туралы жиналыстар, семинарлар өткізу.
Ұсыныс: мемлекеттік қызметшілерді үнемі әдеп жөніндегі уәкілінің қызметінің нәтижелері туралы шешімімен таныстыру.
2.Мемлекеттік қызметтер көрсету
2.1. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 390/НҚ бұйрығына сәйкес Әкім аппатаратымен 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
Елді мекендер шегінде объект салу үшін жер учаскелерін беру жөнінде 5 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі тегін көрсетіледі. Мелекеттік қызметтерді қағаз нысанында көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері болуы мүмкін.
Ұсыныс: қызметтерді цифрландыру, жетілдіру қажет, қызметалушымен тікелей контакт болмау мақсатында өкілетті органға ұсыныс жіберу.
2.2.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Аппаратқа түскен өтініштер 2020жылдың 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіна сәйкес қарастырылып қаралады. 2023 жылдың 1,2,3 тоқсанында әкім аппаратына келіп түскен өтініштер – 9. Барлық өтінішке жауап берілді. Әкімнің жеке қабылдауына тіркелген азаматтар -12. Өтініштері қаралап орындалды.
Қабылданған нормативтік актілер жалпы саны- 102, оның ішінде шешімдер – 23; негізгі қызмет бойынша өкімдер – 37; кадр мәселесі бойынша өкімдер– 12; жеке құрам бойынша өкімдер – 9; қызметкерлер бойынша өкімдер – 21.
Әкім аппаратының рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары қарастырылмаған.
Әкімнің жеке қабылдауында болған азаматтардың өтінішін «Е-өтініш» базасына тіркеледі және де аяқтаусыз қалады(бағдарлама бойынша), келесі кезекте осы өтінішті ОДО-ға тіркеп, аяқтаймыз.
Ұсыныс: әкімнің жеке қабылдау бойынша оңтайланған алгаритм жасау туралы туралы тиісті мекемеге хат жазу.
3.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
3.1. Бюджеттік өтінімді жасау тәртібі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 67 –бабына сәйкес бюджеттік өтінім әзірленеді.
Бюджеттік өтінім:
-бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері;
- мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобасының және мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобасы;
-бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының негізінде жасалады.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру бойынша мақсатсыз пайдалану фактілері тіркелмегенмен. Бюджет және қаржы қаражатын жұмсаудың ашық еместігі, оның ішінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 6-бабы 9 –тармағының сақталмауы.
Ұсыным: 1. Тиісті өкілетті мекемеге құқықтық олқылық туралы хат жазу.
2.Өзгерістердің өзектігін білу, қызметкерлердің білімін, біліктілігін арттыру мақсатында семинарларға қатысу.
4.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
4.1.Қызметкерлерге материалдық көмек көрсету жөнінде.
Мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспары бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйлықақы төлейді.
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу 29.08.2001 жылғы №1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларымен» реттеледі.
Қызметкерге оның ауыр материалдық жағдайына байланысты, қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам) жағдайда материалдық көмек көрсетеді. Бұл ретте көрсетілетін материалдық көмектің мөлшері мен материалдық көмек көрсету негіздері, яғни нақты ұсынылатын құжаттар тізімі немесе құжаттар түрі айқындалмаған.
Ұсыныс: Бұл жағдайларға байланысты тиісті өкілетті органдарға ұсыныс енгізу.
4.2. Жергілікті қоғамдастықтың өзінің құқықтарын жүзеге асырудағы артық әкімшілік кедергілердің болуы.
Жергілікті қоғамдастық- шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде Үржар аудандық маслихаты 2023 жылдың 20 қыркүйек №5-107/VIII шешімімен Үржар ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекітті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 бұйрығымен бекітілген жергілікті қоғамдастық жиналысынің үлгі регламенті ұстанып жиналыстар өткізіледі.
Халық тікелей жүзеге асыратын жергілікті өзін-өзі басқаруды ауыл тұрғындары саналы әлі қабылдай алмай жүр.
Жиналыстың күн тәртібін ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады, нәтижесінде жергілікті қоғамдастық мүшелері белсендік танытпай, қабылданған шешімді сапалы орындалуы қадағалайтын алгоритм жоқ.
Ұсыныс: жергілікті қоғамдастық кеңесінің мүшелерінің беделін көтеретін ауыл тұрғандар арасында насихат түсіндірме жұмыстар жүргізу.
Ұсыныстардың орындалуы бақылауда. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау Үржар ауданының әкімінің сайтына орналастырылсын.