Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округінің

2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар ауданы Ақшоқы ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 34 814,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 5 207,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 29 607,0 мың теңге;

2) шығындар – 34 814,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)  –  0,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0      мың теңге;

қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.

  1. 4 қосымшаға сәйкес Үржар аудандық мәслихатының шешімдері күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
25 декабря 2023