2023 жылдың 1 желтоқсанға аудан бюджетінің
орындалуы туралы ақпарат
1.12.2023 ж. Кіріс бөлігі есепті кезеңге жоспар 12 251 777,2 мың теңге болса кассалық орындалуы 12 128 459,2 мың теңге, немесе 99,0 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 1 578 099,1 мың теңге болса, кассалық орындалуы 1 637 191,2 мың теңге, немесе 103,7 % құрады.
Ішкі табыстардың нақтыланған жоспары 2 846 971,7 мың теңге, орындалуы 3 044 633,0 мың теңге, немесе 197 661,3 мың теңгеге артық орындалып , 106,9 % құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 316 860,7 мың теңге болса, кассалық орындалуы 373 895,9 мың теңге, немесе 118,0 % құрады.
Шығындар бойынша жоспар 12 453 424,5 мың теңге игерілген қаржы 11 980 434,5 мың теңгені немесе 96,2 пайызды құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 1 578 099,1 мың теңге болса, кассалық орындалуы 1 577 159,9 мың теңге, немесе 99,9%. РБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 2 885 008,0 мың теңге болса, игерілгені 2 443 038,0 мың теңге немесе 84,7 пайызды құраса, ОБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 4 309 447,8 мың теңге болса, игерілгені 4 281 250,5 мың теңге немесе 99,3 пайызды құраса , ЖБ жоспары 4 116 468,0 мың теңге болса, касса 4 111 747,4 мың теңгені құрады, игеру пайызы 99,9 %.
Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы 474 887,9 мың теңгені құрады.