Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 57-745/VI «Үржар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Абай облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.».