2024-2026 жылдарға арналған Үржар ауданының бюджеті туралы

ЖОБА

 

2024-2026 жылдарға арналған Үржар ауданының

бюджеті туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 73, 75 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты  ШЕШТІ :

  1. Үржар ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті  тиісінше 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 10 819 063,0 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 736 609,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 21 384,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 18 387,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 8 042 683,0 мың теңге;

2) шығындар – 10 819 063,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 35 145,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 72 450,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 37 305,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет  тапшылығы  (профициті) –  - 35 145,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 35 145,0 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 72 450,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 37 305,0 мың теңге;

  1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттерiне берілетін субвенциялар көлемi 735 322,0 мың теңге сомасында ескерілсін, соның ішінде:

Ақжар ауылдық округі – 27 422,0 мың теңге;

Ақшоқы ауылдық округі  – 27 985,0 мың теңге;

Алтыншоқы ауылдық округі  – 37 659,0 мың теңге;

Барқытбел  ауылдық округі  – 31 595,0 мың теңге;

Бақты  ауылдық округі  – 31 436,0 мың теңге;

Бестерек  ауылдық округі  – 27 656,0 мың теңге;

Егинсу  ауылдық округі  – 30 254,0 мың теңге;

Елтай ауылдық округі  – 31 044,0 мың теңге;

Жаңа Тілек ауылдық округі  – 29 623,0 мың теңге;

Жоғарғы Егінсу ауылдық округі  – 25 460,0 мың теңге;

Қабанбай ауылдық округі  – 5 595,0 мың теңге;

Қарабұлақ  ауылдық округі  – 35 527,0 мың теңге;

Қарабұта  ауылдық округі  – 29 620,0 мың теңге;

Қаратал  ауылдық округі  – 30 287,0 мың теңге;

Қаратұма  ауылдық округі  – 26 172,0 мың теңге;

Келдімұрат  ауылдық округі  – 25 181,0 мың теңге;

Көкөзек ауылдық округі  – 27 590,0 мың теңге;

Көктал  ауылдық округі  – 24 719,0 мың теңге;

Көктерек  ауылдық округі  – 33 985,0 мың теңге;

Көлденен  ауылдық округі  – 27 505,0 мың теңге;

Қарақол ауылдық округі  – 29 428,0 мың теңге;

Қоныршаулі  ауылдық округі  – 36 650,0 мың теңге;

Мақаншы ауылдық округі  – 9 368,0 мың теңге;

Науалы  ауылдық округі  – 31 567,0 мың теңге;

Салқынбел ауылдық округі  – 27 744,0 мың теңге;

Үржар  ауылдық округі  – 3 975,0 мың теңге;

Шолпан ауылдық округі – 30 275,0 мың теңге.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 2024 жылға 54920,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 2024-2026 жылдарға Үржар ауданы бюджетінің даму бағдарламаларының тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
01 ноября 2023