Аудан көлемінде салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спорттың дамуы туралы.

Аудан көлемінде салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спорттың дамуы туралы.

Үржар ауданы бойынша 203 спорт нысандары бар. Соның ішінде: 1 спорт мектебі, 3 спорт модуль, 53 спорт зал, 6 хоккей қорабшасы, 82 спорт алаңы, 2 атшабар алаңы бар.

Дене шынықтыру мен спортты, спорттық жарыстар мен спорттық іс-шараларды өткізуге арналған объектілер мен құрылыстар қанағаттанарлық жағдайда.

Барлық спорт ңысандар мен ғимараттар күнделікте және демалыс күндері дене шынықтыру және спортпен айналысуға толығымен аудан тұрғындарына берілген.

Аудан бойынша 1 спорт мектеп жұмыс атқаруда. 8 спорт түрлері бойынша 1548 бала қамтылған.

Аудан бойынша білім беру ошақтарында 15 спорт түрі бойынша 529 спорт үйірмелер жұмыс атқаруда,  онда 6 жастан 17 жасқа дейінгі 11848 оқушы спортпен айналысады.

2023 жылдың қыркүйек айына жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 26 285 адам, ол жалпы аудан халқы санының (69 173 адам) 38 %  құрайды.

2023 жылы дене шынықтыру және спорт бөлімінің тарапы бойынша 272 спорттық шаралар жоспарланып өткізілуде.

          Есептік кезеңде аудан көлемінде барлығы 192 спорттық іс шаралар өткізілді. Атап айтқанда аудандық шаңғы жарысы, ерлер әйелдер арасында волейбол, кіші футбол,  гір көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы сияқты спорттық іс шаралар, наурыз мерекесіне орай: қой көтеру, гір көтеру, бұқа тартыс, мойын тартыс, арқан тартыс сияқты спорт түрлерінен өткізілді. Ең ауқымды спорттық іс шаралардың бірі Үржар ауданы әкімінің жүлдесі үшін ХІV халықтық спорт ойындар спартакиадасы бағдарламасындағы ат спорты түрлерінен, атап айтқанда: аламан бәйге, топ бәйге, жорға жарыс, тай жарыс, құнан бәйге сияқты ұлттық спорт түрлерінен өткізілді. Балаларды қорғау күні және басқа да айтулы  күндерге байланысты спорттық іс шаралар ұйымдастырылды.

          2022 жылдың 3-7 қараша күндері аралығында Бестерек ауылында түңғыш рет Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрі «Құсбегіліктен» мемлекеттік рәміздердің 30-жылдығына арналған І әлем чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа 8 мемлекет қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша Көктерек ауылының тұрғыны Қайдар Нұман 2 орынға ие болды. Қайдар Нұман құсбегіліктен ҚР спорт шебері, ҚР командасының мүшесі, ҚР құрметті азаматы.

Үржар ауданы бойынша әр –түрлі жастағы адамдардың және де халықтың әлеуметтік жағынан алғандағы топтардың арасында спорттық  жарыстар өткізіліп, «Уақыт Тынысы», облыстық «Семей таңы» газеттеріне және  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  насихатталып тұрады.

Білім беру ошақтарында салауатты өмір салтын және спортты насихаттауға арнайы бұрыштамалар жасақталған. Бұрыштамаларда Президенттік тестілеудің нормативтері, мектеп жетістіктері, аудан, облыс, республика және әлем көлемінде белгілі спортшылар туралы мәліметтер көрсетілген.

Үржар ауданы спортшыларының жетістіктері:

2022 жылдың қараша айынан бастап 2023 жылдың сәуір айлары аралығында өткен футзалдан Абай облысының 1-ші чемпионатында Үржар ауданының «Рай-Газ» құрама командасы жеңімпаз атанды.

2023 жылдың 23-25 ақпан күндері аралығында Семей қаласында «Алғыс айту» күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер арасында шаңғы жарысынан Абай облысының чемпионаты өтті. Аталмыш жарыста Елтай ауылдық округінің әкімі Мусагалин Улан Берикболович жеңімпаз атанса, экономика бөлімінің сектор меңгерушісі  Мухамеджанов Бакытжан Караханович 4 орынға, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Кабдолданов Сарсенхан Базылханович 8 орынға ие болды.

2023 жылдың 20 мамыр күні Абай облысы, Курчатов қаласында «Абай облысының мемлекеттік қызметшілері арасындағы еркін жүзуден спорттық жарыс» өтіп, ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері: экономика және қаржы бөлімінің басшысы -  Чакинов Нұрлан Рахымгазиевич 1 орынға, Науалы ауылдық округінің әкімі Искаков Ринат Муратович 4 орынға ие болып Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы еркін жүзу жарысына қатысты.  

2023 жылдың 25 тамыз күні Аягөз ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында жеңіл атлетикадан облыстық жарысы өтті. Жарысқа ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері Аманғазин Таңат – Салқынбел ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Кенесары Қуаныш – Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Сапаргазаева Гулмира ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы  қатысып, 1000 метр арақашықтықта жүгіруден Аманғазин Таңат және Сапаргазаева Гулмира 1 орынды иеленіп, 100 метр арақашықтыққа жүгіруден және ұзындыққа сегіруден 2 орынды иеленді. Командалық эстафетадан 1 орынды иеленіп Үржар ауданының командасы жалпы командалық есепте 1 орынға ие болды.

21-24 қыркүйек күндері аралығында Семей қаласында Абай облысының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы шахмат бойынша жекелей біріншілікте Науалы ауылдық округінің әкімі Искаков Ринат Муратович  1 орынға ие болды.

23 қыркүйек күні Үржарайым лагерінде Абай облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің арасында «Еңбек күні» мерекесіне орай жазғы облыстық спартакиадасы өтті. Аталмыш жарыста Үржар ауданының құрама командасы жеңімпаз атанды.

Ауданымыздан шыққан кәсіби спортшылар

Алмат Кебіспаев (грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионаттарының 5 дүркін жүлдегері, олимпиада ойындарының қатысушысы). 2023 жылдың 8-10 сәуір күндері аралығында елордамыз Астана қаласында грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері. ҚР чемпионы.

Сейтқазинов Ерсін (қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР чемпионы, Азия чемпионы). 2023 жылдың 19-20 тамыз күндері Таскескен ауылында өткен қазақ күресінен Республикалық турнирдің жеңімпазы.

Шәмшиев Саят (қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионы) 19-20 тамыз күндері Таскескен ауылында өткен қазақ күресінен Республикалық турнирдің 2 орын иегері.

Ерлан Серікжанов дзюдо күресінен Токио олимпиадасына қатысушысы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Халықаралық дәрежедегі спорт шебері).

Ел көлемінде және шет елдерге әлемдік жарыстарда тартысты бәсекелердің жеңімпаздары болып жүрген:

 Мукушев Айбар (дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері)

Тлеуханова Назерке (дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері)

Ануарбеков Ермахан (дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы, Азия кубогінің жеңімпазы)

Сағатбеков Махамбет (дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы)

Ақбота Закисханова (еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ІІІ орын иегері)

Асхат Ажар (дзюдо күресінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ІІІ орын иегері, ҚР чемпионы)

Жоғарыда аталған спортшыларымыз еліміздің көк байрағын желбіретіп Қазақ елін шет мемлекеттерге танытып тек ауданымыз үшін ғана емес бүкіл қазақ жұртына мақтаныш болып жүр.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 октября 2023