«Абай облысының Үржар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама.
Үржар ауылы 03қазан 2023 жылы
2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген2016 жылдың 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сай, Абай облысының Үржар ауданы әкімі аппаратының бөлімдерінде (әрі қарай-Аппарат)сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай- СЖТТ) жүргізілді.
СЖТТ келесі бағыттарда жүргізілді:
- талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық
актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
-талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
СЖТТ жүргізу кезінде келесі ұсынымдар мен ережелер пайдаланылды:
2022 жылдың 30желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсыагенттігі төрағасының №488 бұйрығымен бекітілгенСыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар (әрі қарай- Әдістемелік ұсынымдар).
2016 жылдың 19 қазандағы №12 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсыагенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілгенСыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік ереже (әрі қарай –Үлгілік ереже).
Ішкі талдау жүргізу мерзімі 2023 жылдың 22тамыздан03 қазанғадейін белгіленген.
Үржар ауданының әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 75-нқ-б Үржар ауданының әкімі аппарат басшысының бұйрығымен құрылып бекітілген.
Талдау объектінің қызметін, ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін ішкі құжаттарының және құқықтық актілерінің ішкі талдауменен және олардың коррупциялық тәуекелдерінің болуына ішкі талдауменен 2022 жылдың 3,4 тоқсандар мен 2023 жылдың 1,2,3 тоқсандар қамтылған.
«Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Абай облысы Үржар ауданы әкімінің қызметінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген №422 «Абай облысы Үржар ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сай жүзеге асырылады.
Үржар ауданы әкім аппаратының басшысы болып 2019 жылдың 11 желтоқсандағы №175-ЖҚ өкімімен Баймурзаев Асет Асхатович тағайындалған.
Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соңғы ішкі талдау 2022 жылы 27 қараша айынан 27 желтоқсан айына дейін 2021 жылдың 3,4 тоқсандар мен 2022 жылдың 1,2 тоқсандар қамтылған мерзімдер бойынша жүргізілді.
Аталғанталдаудың өткізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны 9, талдау бойынша әзірленген және орындалған ұсынымдар- 9.
Үржар ауданының әкімінің аппараты өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
1.2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
2.2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
3.2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
4.2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
5.2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
6.2016 жылғы 06 сәуірдегі №480-V«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
7.2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
8.2003 жылғы 08 ақпандағы №387 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
9.Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсанда №434-V«Мемлекеттік сатып алу туралы»;
10.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11шілдедегі №471 қаулысы «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
11.Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»;
12.Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»;
13.Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесі туралы»;
14.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;
15.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысы «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»;
16.Үржар ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті;
17.2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген №422 «Абай облысы Үржар ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі;
18.29.08.2001 жылғы № 1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларымен»;
19.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» қағида;
20.Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары, қызметкерлердің жеке істері;әкімнің өкімдері мен шешімдері;
21.ИС ОДО, ИС ГБД ЕЛ, ИС «Е-обращение», ЕПИР ГО ақпараттық жүйелер;
22.Талдау объектіге қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
23.талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері және т.б.
Үржар ауданы бойынша 27 ауылдық округінде, 9 дербес бөлімдерінде, 1 аудан әкімі аппаратында жалпы 242 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады, оның ішіндеаудан әкім аппаратында 22 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда.
Үржар ауданының әкімі аппараты 4 бөлімнен құралған, олар:
СЖТТ жүргізу барысында Аппараттың бөлімдерінде келесі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері анықталған:
1.Талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
1.1.Құқықтық актіде немесе ішкі құжатта құқықтық реттеудің болмауы.
Аудан әкімі өзінің құзырет шегінде қаулылар шығарады. Аудан әкімінің қаулыдан кейін жергілікті өкілді органдардың шешімдер шығарады. Шешімідердің жобасын жергілікті атқарушы органдар дайындайды. Қаулы шығару әкімдердің құзыреті. Шешімдерді шығару маслихаттардың құзыреті.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 1 бабының 1 тармағына сәйкес әзірлеуші орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар болып табылады.
Алайда,тәжірибиеде маслихаттың шешімінің жобасын дайындаудыжергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Бұл ретте, құқықтық актілерді дайындау кезінде жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өкілді органдардың әрекет ету алгоритімі заң жүзінде қарастырылмаған.
Ұсыныс: Тиісті өкілетті мекемеге құқықтық олқылық туралы хат жазу.
1.2. Қолданыстағы заңнамада нақты регламенттің болмауы.
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай - Кодекс) нормаларына сәйкес әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім болып табылады. Әр мемлекеттік орган өз құзыреттер шегінде әкімшілік актілерді қабылдайды.
Қолайлы әкімшілік акт – әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асыратын немесе оған жүктелген міндетті тоқтататын, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде жақсартатын акт.
Ауыртпалық салатын әкімшілік акт – әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартатын, шектейтін, тоқтататын немесе оған міндет жүктейтін, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде нашарлататын акт.
Кодекстің нормаларына жүгінетін болсақ, әкімшілік актінің түсінігіне келесі критерияларды жатқызуға болады, олар:
Бұл ретте, қолданыстағы заңнамада әкімшілік актінің түсінігінде нақты мәні, нысаны, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қандай жағдайда қандай актіні қабылдау керектігі көрсетілмеген.
Мысалы, әкімдерменқұзыреттер шегінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың арыздары негізінде олардың жағдайларын жақсартатын қаулы мен шешімдер қабылдайды. Бұл актілерді әкімшілік актілер қатарына жатқыза аламыз, өйткені әкімдермен қабылданатын актілер қаулы мен шешім қабылдаған тұлғаларға қатысты қандай да бір салдарларға әкеліп соғуы мүмкін.
Алайда, мемлекеттік мекемелерге қатысушының өз құқығын іске асыруға жатпайтын арыздар мен шағымдар түсуде. Қолданыстағы заңнамада аталған арыздар мен шағымдарды тіркеу, қарау, жауап беру ережелері мен рәсімі көрсетілмеген.
Ұсыныс: Құқықтық олқылық жөнінде тиісті өкілетті органдар мен мекемелерге хат жіберу.
1.3. Құқықтық – лингивистикалық белгісіздік қатарына жататын тәуекелдер.
Үржар ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінің 6 тармағында жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі деп көрсетілген.
Регламентінің 6 тармағы жиналыс мүшелерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы хабардар ету тәртібі анықталған. Хабардар ету бір тәсілі болып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы анықталған, сонымен қатар регламент бойынша өзге де тәсілдердің нақты түрлері көрсетілмеген. Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептелетіні айтакетуі жөн.Алайда, жауапты тұлғалар жиналыс мүшелеріне хабардар етуі формалды түрде өткізуі мүмкін, мысалы фактіні белгілемей ауызша хабардар беру. Осындай жағдай орын алған кезде, жиналыс мүшелері толық жиналмай жергілікті қоғамдастық жиналысының уақытында өтпеуіне, ағымдағы тұрған мәселелер қаралмай қалатынына немесе өзекті мәселелерді ұзақ қарауына әкеп соғады.
Ұсыныс:Осы бағыт бойынша жұмыстарды ұйымдастырып, жерілікті өкілді органдарға ұсыныс жіберу.
2.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
2.1.Қызметкерлерге материалдық көмек көрсету жөнінде.
Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу29.08.2001 жылғы № 1127 «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларымен» реттеледі.
Қызметкерге оның ауыр материалдық жағдайына байланысты, қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам) жағдайда материалдық көмек көрсетеді. Бұл ретте көрсетілетін материалдық көмектің мөлшері мен материалдық көмек көрсету негіздері, яғни нақты ұсынылатын құжаттар тізімі немесе құжаттар түрі айқындалмаған.
Ұсыныс:Бұл жағдайларға байланысты тиісті өкілетті органдарға ұсыныс енгізу.
2.2.Аудан әкімінің жанындағы құрылған ведомствоаралық комиссиялардың отырыстары бойынша мәселелер.
Нормативті-құқықтық актілерді талдау кезінде аппаратта өз қызметінде қоданылатын құқықтық – лингивистикалық белгісіздік қатарына жататын бір тәуекел анықталды.Үржар ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комисия әр тоқсан сайын өткізіледі. Комиссия жыл сайын жұмыс жоспарын дайындап бекітеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар атқарудағы жоспар құружөнінде нақты ережелер жоқ.
Ұсыныс:Құқықтық олқылық жөнінде тиісті өкілетті органдар мен мекемелерге хат жіберу.
2.3. Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасқан жағдайдағы коррупциялық тәуекелдерінің индикаторлардың болуы.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы заңының 31 бабының 1 тармағының 23-1 тармақшасына сәйкес аудан әкімінің құзыретіне әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысуы қарастырылған.
Бұл бағыт бойынша облыс деңгейінде төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша комиссия отырысы өткізіліп, аталған жұмыстар бақылауға алынады. Бұл ретте, аудан әкіміжоғарыда көрсетілген құзыреттер шегінде құқықтық акт шығарылып, шаралар қабылдануы қажет және де бұл шараларға жергілікті бюджеттен ақша қаражаты бөлінеді.
Мысалы, төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша комиссия отырысында берілген «қыс мезгілінде қардың көп түсуіне байланысты қар үйінділерінде қалып қойған жүргізушілерге, жолаушыларға жол бойындағы орналасқан дәмханаларды жылыту мен тамақ беру функциясын орындайтын қосымша пунктер ұйымдастыру» тапсырма бойыншааудан әкімі жеке кәсіпкерлермен келісім-шарт (шарт-ниет) жасасу қажет.
Ұсыныс:Шарт дайындау барысында ашықтықты қамтамсыз етіп, заң талаптарына сай жүзеге асыру.
2.4.Құқықтық – лингивистикалық белгісіздікке қатысты тәуекелдер анықталды.
Мемлекеттік органдар мен мекемелер мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспары бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сыйлықақы төлейді.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін сыйлықақының бір түрі бонус болып табылады.
Бонустарды төлеу мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бірыңғай еңбегіне ақы төлеу жүйесінде бонустық қорды қалыптастыруға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазамдық жалақыларына үстемақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысында бонустарды есептеген кезде тиісті лауазым бойынша есепті кезеңде жұмыс істеген нақты күндер саны пайдаланылады деп көрсетілген.
Бұл ретте, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге бонустарды есептеген кезде, ескеретін кезең ағымдағы жылдың жұмыс істеген күндері немесе алдыңғы жылы мен ағымдағы жылды қосқан кездегі жұмыс істеген күндерінақты көрсетілмеген.
Ұсыныс:Өкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізу.
2.5. Жеке тұлғалардың өзінің құқықтарын жүзеге асырудағы артық әкімшілік кедергілердің болуы.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» қағида (әрі қарай - Қағида) бекітілген.
Қағиданың 39 тармағына сәйкес Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде ішкі конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.
Бұл функция жергілікті атқарушы органдардағы«ЕПИР ГО» деректер қорымен байланыстырылған, өйткені вакансия туралы мәліметтер өкілетті органдардың талаптары бойынша интернет – ресурстарда жариялануы тиіс.
Бұл ретте, Қағиданың талаптарына сай «ЕПИР ГО» деректер қоры арқылы жіберілген жарнама өкілетті органымен келісілуі қажет, келісілген жағдайда жарнама интернет-ресурстарға шығарылады. Алайда, аталған қағидада келісу мерзімдері көрсетілмеген.
Ұсыныс: Ағымдағы заңнаманы жетілдіру мақсатында өкілетті органға ұсыныс жіберу.
2.6. Меритократия принципіне байланысты тәуекел анықталды.
Меритократия бұл басшылық лауазымдарға әлеуметтік шығу тегі мен қаржылық байлығына қарамастан қабілетті және құзыретті тұлғалардың тағайындалуы болып табылады.
Меритократия принципі қазіргі таңда жұмыс істемейді.
Ұсыныс: Меритократия принципі бойынша заңнамалық реттеуге қатысты ұсыныс енгізу.
Ұсыныстардың орындалуы бақылауда. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау Үржар ауданының әкімінің сайтына орналастырылсын.
тына орналастырылсын.
Үржар ауданының әкімі
аппаратының басшысы А.Баймурзаев
Үржар ауданының әкімі аппаратының
Персонал басқару бөлімінің басшысы М.Бапинова
Үржар ауданының әкімі аппаратының
Заңгерлік мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысының м.а. А.Құлмағамбетова
Үржар ауданының әкімі аппаратының
Жалпы бөлімінің басшысы С.Сағатбекова
Үржар ауданы әкімі аппаратының
ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді мониторингтеу және
ақпараттық технологиялар
бөлімінің басшысы А.Тулендин