2023 жылдың 1 қазанға аудан бюджетінің
орындалуы туралы ақпарат
1.10.2023 ж. Кіріс бөлігі есепті кезеңге жоспар 9 331 190,2 мың теңге болса кассалық орындалуы 9 738 535,4 мың теңге, немесе 104,4 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 1 261 214,2 мың теңге болса, кассалық орындалуы 1 352 198,2 мың теңге, немесе 107,2 % құрады.
Ішкі табыстардың нақтыланған жоспары 2 143 189,3 мың теңге, орындалуы 2 550 543,2 мың теңге, немесе 407 353,9 мың теңгеге артық орындалып , 119,0 % құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 243 915,6 мың теңге болса, кассалық орындалуы 330 516,0 мың теңге, немесе 135,5 % құрады.
Шығындар бойынша жоспар 9 530 503,4 мың теңге игерілген қаржы 9 516 491,3 мың теңгені немесе 99,9 пайызды құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 1 261 214,2 мың теңге болса, кассалық орындалуы 1 260 725,5 мың теңге, немесе 100%. РБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 1 925 972,0 мың теңге болса, игерілгені 1 915 172,0 мың теңге немесе 99,4 пайызды құраса, ОБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 3 374 830,9 мың теңге болса, игерілгені 3 374 808,6 мың теңге немесе 100 пайызды құраса , ЖБ жоспары 3 292 580,5 мың теңге болса, касса 3 289 398,2 мың теңгені құрады, игеру пайызы 99,9 %.
Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы 14 004,6 мың теңгені құрады.